22 мамыр-жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 19.05.2021ж. №5-18-4/1890-И Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасына сай 22 мамыр күні ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету мақсатында
«Оқу жылының қорытындысы туралы» жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс онлайн форматта өткізілді.
Онлайн форматтағы ата-аналар жиналысы екі бөлімді құрады:
Бірінші бөлімде сынып жетекшілер ата-анамен жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылады: 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші) жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері және т.б.).
Екінші бөлімде сынып жетекшілер ата-аналарды ZOOM платформасына кезек-кезек қосу арқылы жеке сөйлесуді ұйымдастырды.
Ата-аналар жиналысына педагог-психологтар, әлеуметтік педагог қатысты.