15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2021

15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні

Мектеп-гимназиясы бойынша  15 мамыр-Халықаралық Отбасы күніне орай қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін нығайту, отбасындағы қарым-қатынастың бірлігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бекітілген жоспар бойынша   өткізілді.

Отбасы апталығы аясында «Жас Ұлан» балалар ұйымы апталықтың ашылуына орай жиын өткізді.   Шараға 1-11- сынып оқушылары мен ата-аналар  қатысты. 5-11- сыныптар арасында үш тілде шығармалар байқауы  өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Бастауыш сыныптар арасында «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

5-сынып оқушылары «Мен отбасымда бақыттымын» тақырыбында презентациялар дайындап, мектеп-гимназия оқушыларына ұсынды.

1-11-сынып оқушылары «Мен отбасыммен мақатанамын» атты бейнероликтер түсіріп, отбасы құндылықтарын насихаттауға атсалысты.

  9-10- сыныптар арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында  өткен дөңгелек үстел мазмұнды өтті.Үлгілі отбасының моделін жасауға талпынған оқушылар өз ойын еркін айтуға дағдыланды.Апталық соңында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында 1-11- сыныптар арасында  сынып сағаттары өткізілді.Сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын алдын-ала бекітілген сабақ жоспарларына сәйкес ата-аналарды шақыра отырып, ұйымдастырды. Отбасы апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қызықты әрі тәрбиелік деңгейі жоғары болды. Апталыққа 1-11- сынып оқушылары мен ата-аналары белсене атсалысты. Отбасы апталығы туралы мәлімет ҚР Білім және ғылым министрлігінің бала құқығын қорғау комитетінің жеке парақшасында орналастырылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=959585321446366&id=100021847221311&sfnsn=mo

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=959581398113425&id=100021847221311&sfnsn=mo

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=959575904780641&id=100021847221311&sfnsn=mo



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив