«Бала құқығы-адам құқығы» айлығы өтті.
Мектеп-гимназия бойынша 20 қазан-20 қараша аралығында өткен «Бала құқығы-адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 8-сыныптар арасында «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» онлайн диалог ұйымдастырылды. 1-11-сынып ата-аналары арасында «Әрбір бала үшін» баланың мектепке оралуы кезінде психикалық денсаулықты қолдау туралы онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа педагог-психолог Ғ.Белгібаева қатысып, кеңес берді.
3-4-сынып оқушылары «Позитивті отбасы» бейнероликтер топтамасын дайындап, әлеуметтік желілерге жариялады. 5-сынып оқушылары арасында «Ұрпақ тәрбиесі», «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» тақырыптарында сынып сағаттар өтіп, отбасы құндылықтары насихатталды.
6-7-сынып оқушылары «Мейірімділік» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, бейнероликтер дайындады.
Педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек «Балалар өкілдерімен» онлайн кездесу өткізіп, пікіралмасу ұйымдастырды. 5-11-сынып оқушылары арасында «Менің құқығым» атты сауалнама алынып, оқушылармен «Бала құқығы» туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. 9-10-сынып оқушылары «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбы аясында челлендж ұйымдастырды.
Айлық барысында мектеп-гимназия оқушылары арасында «Бала құқығы» туралы сынып сағаттар өтіп, ата-аналар арасында «Бала құқығы» тақырыбында жадынамалар таратылды.
Өткізілген шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.