Қамқоршылық кеңесінің 2019-2020 оқу жылындағы есебі. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2020

Қамқоршылық кеңесінің 2019-2020 оқу жылындағы есебі.

 

    Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында  қамқоршылық кеңесі  жұмыс тобы   2020 жылдың 5 қаңтарындағы №2/1  бұйрық негізінде жұмыс жасайды. Қамқоршылық кеңесі туралы ереже бар. Кеңес құрамында 9 мүшесі бар.

Тоқсанына 1 рет Қамқоршылық кеңестің кезекті отырыстары өткізілді.

Отырыс өткізуден 7 жұмыс күн бұрын Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатыны туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарлама орналастырылды. Отырыс өткен соң 3 жұмыс күн ішінде интернет ресурста Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпарат орналастырылды.

Жыл бойы оқушылардың құқықтарының сақталуы және қайырымдылық көмектің жұмсалуы бақылауға алынды.

Оқу жылы барысында мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жұмысын  дамытуға қатысты ұсынымдар жасалды.

Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастыру шараларына қатысу басты назарға алынды. Мектеп-гимназияда жетім немесе ата-ана қамқорынсыз қалған оқушылар жоқ.

Қамқоршылық кеңес төрағасы мектеп-гимназия бюджетін қалыптастыруға қатысты жиналыстарға қатысып, ұсынымдар жасады.

Білім беру сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша мектеп-гимназия директорының есебі тыңдалды.

Оқу жылы барысында мектеп-гимназия жұмысының мәселелері бойынша конференциялар,кеңестерге  Қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп-гимназия оқушыларының жағдайымен танысып, қажет болған жағдайда, психологтармен бірлесіп,әңгімелесу жүргізді.

Жыл бойы озат оқушылар мен мұғалімдерге ынталандыру және жоспарға сай мерекелік шараларды  ұйымдастыруға көмек көрсетуді  қарастыру басты назарға алынды.

Қамқоршылық кеңестің атсалысуымен қыркүйек айында «Денсаулық ыестивалі-2019» өтті. Фестивальге ата-аналардың қатысуын қамқоршылық кеңес мүшелері қадағалады.

«Қауіпсіз мектеп» акциясына атсалысып, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Қауіпсіз жол» сызбасы жасалды.

Қамқоршылық кеңес мүшелері оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мен тамақтың сапасы мен оқушылардың мектепке тасымалдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақталуын бақылауда ұстады. Асхана жұмысын қадағалау комиссиясымен бірлескен жұмыс жүргізілді.

«Түнгі қала»  акциясы аясында оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, түнгі рейдтер ұйымдастырылды.

Әлеуметтік педагог және сынып жетекшілермен бірлесіп, оқушылардың әлеуметтік картасы жасалды.

Тегін ыстық тамақпен қамтылуға өтініш білдірген оқушылардың отбасылық жағдайын зерттеу мақсатында, балалардың үй -тұрмысымен танысу актілерін жасауға ата-аналар комитетінің мүшелері қатыстырылды.

2019-2020 оқу жылында 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында барлығы 27 (жиырма жеті) оқушыға 274 500 (екі жүз жетпіс төрт мың бес жүз) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Қаржыны комиссия мүшелері акті бойынша тіркеуге алды. Қаржылай көмектің ата-аналар тарапынан көрсетілуін қамқоршылық кеңес қадағалап, қаржының өтініш білдірген оқушыларға таратылуын қамтамасыз етті.

Қазан айында «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, көп балалы отбасынан шыққан 5 ә сынып оқушысы Кәми Ақнар мен 7 ә сынып оқушысы Ерланбекқызы Жаздидарға 30 000(отыз мың) теңгеге киім әперілді.

«Жазғы демалыс-2019» ұйымдастыру барысында қамқоршылық кеңестің басшылығымен мектеп-гимназиясы бойынша тамақпен қамтылған «Балдәурен» күндізгі лагерінің бес маусымында 130 бала, тамақсыз жазғы алаңдарда 120 бала, жазғы тілдік лагерде 100 бала, жазғы олимпиада резерв мектебінде 70 бала, туристік жорықтар мен экскурсиялармен 25 бала, «Жас программист» клубында ІІІ ауысымда 45 бала, мектепті көгалдандыру жұмысына 48 бала қамтылды.

Ауылдан тыс «Қарлығаш» лагерінде барлығы 115 бала демалды.

Мектеп жанындағы тамақпен қамтылған лагерде 130 бала, «Қарлығаш» лагерінде демалған 115 баланың, экскурсиямен қамтылған 25 балаға қаржы ата-аналар тарапынан көрсетілген демеушілік   нәтижесінде іске асырылды.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, демеушілік көмек ретінде қаржы тартуды қамқоршылық кеңес қадағалады.

«Туған жер» бағдарламасы аясында «Өлкетану» бағытында мұражайларға саяхат-сабақтар жоспарланып,  мектеп-гимназия оқушылары З.Тамшыбаева, Н.Алдабергенов, М.Тынышбаев, І.Жансүгіров мұражайларына және Б.Римова атындағы облыстық драма театрына саяхатқа апарылды. Саяхат-сабақты ұйымдастыруда көлік және жол қаражатын ұйымдастыруда демеушілік көмек ретінде қаржы белсенді ата-аналар тарапынан ұйымдастырылды.

Кеңес мүшелерінің атсалысуымен «Жеңісімді мемлекеттік рәміздерге арнаймын» атты мектеп қызметкерлері мен ата-аналары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Жарты жылды 1 рет мектеп-гимназия директорының есебі тыңдалып, ескертулер мен ұсыныстар жасалды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында 2017-2018 оқу жылынан бері қолға алынған «Қазақтың 100 әні» жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп келеді.

Жобаның маңыздылығын ата-аналар арасында түсіндіру мақсатында, дөңгелек үстелдер мен пкікіралмасу алаңдарын ұйымдастыру басты назарға алынды.

Демеушілік көмек тарту арқылы мектеп-гимназияның 2 кабинетінің терезелеріне 60000(алпыс мың) теңгеге жалюзи орнатылды.

  Қамқоршылық кеңесі заңды тұлға мәртебесінсіз қоғамдық ынталы топ ретінде жұмыс жасайды; ұйымның банкте шоты, мөрі жоқ; құжаттама және есеп-қисап жүргізетін ақылы штаты жоқ.

Мектеп-гимназиядағы қамқоршылық кеңесінің қызметінің басты тақырыбы: дарынды және аз қамтылған балаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдер үшін акциялар ұйымдастыру және  мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жұмысындағы  инновацияға қолдау көрсетіп,  дамытуға ықпал жасау болып табылады.

Қамқоршылық кеңес ата-аналар кеңесі, әжелер алқасы және әкелер алқасымен тығыз байланысты жұмыс жасайды.





Қамқоршылық кеңесінің төрағасы       Ш.Нұрғалиева


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив