Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың анықтамасы
Мектеп-гимназия оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мен құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында, 2020 жылдың
1 қыркүйегіндегі №143 бұйрық негізінде құқықтық кеңес құрылған. Мектеп-гимназия мен Көксу АІІБ бірлескен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Жоспар негізінде алдын алу мен ақпараттық-насихат шаралары жүргізілуде. Тоқсан сайын (қыркүйек, қараша, қаңтар) айларында «Жасөспірім және заң», «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі», «Балалардың қараусыздығы», «Қауіпсіз жол», «Заңға мойынсынушылық мінез-құлық-қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында дәріс өтті. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында жаппай құқықтық оқу сабақтары ай сайын өткізіледі. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, волейбол, баскетбол, футболдан спорттық секциялар мен үйірмелер, сонымен қатар, жекелеген пәндер бойынша үйірмелер мен гимназиялық үйірмелердің жұмысы (қашықтықтан ұйымдастырылуда) әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Оқушылар қызығушылығы бойынша КТК, дебат, «Жас қалам» клубтарының жұмысына да қатысады. Спорттық: шахмат-шашки, тоғызқұмалақ, көркем- эстетикалық ( хореография, вокал, сәнді -қолданбалы), гуманитарлық (тілдік), жаратылыстану-математикалық бағыттардағы жалпы саны (70 гимназиялық,59 жәй үйірме) 129 үйірмеге 1571оқушы(1 оқушы бірнеше үйірмеде) қатысады. Сонымен қатар, спорт мектебіне 11 түрлі үйірмеге -107 бала, музыка мектебінде 6 түрлі үйірмеге 160 оқушы қатысады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен бос уақытын ұйымдастыруы ата-аналар мен сынып жетекшілер тарапынан қадағалауға алынған.
24 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Министрліктің стратегиялық жоспарын орындау мақсатында, «Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу» жүргізілді.
Әлеуметтік зерттеу шеңберінде балалардың өз құқықтарын, міндеттерін білу деңгейін бағалау және оларды іс жүзінде қолдану арқылы Балалардың құқықтық қорғалу деңгейі, сондай-ақ БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерін ата-аналардың, педагогтердің, тәрбиешілердің және бала тәрбиесіне қатысатын басқа да тұлғалардың орындауын анықтау мақсатында мектеп-гимназия оқушылары, мұғалімдері, ата-аналары берілген сілтемелер бойынша сауалнамаға қатысты:
https://docs.google.com/forms/d/18XaO3G4bWKuoZGnxiqwB8xos-WhvT_OqQm2_fzYUoQA/edit - ата-аналарға арналған сауалнама;
https://docs.google.com/forms/d/1iSEJCkE5TRV04Bzx_rK0R8kfsTxGBl7BTxbFSB_h81c/edit - оқушыларға арналған сауалнама;
https://docs.google.com/forms/d/18MFL2GRFnVDtk96eeZCoBGDH31NkzlO5X_uYI-ivgyQ/edit - мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, қоғамдық өкілдерге арналған сауалнама.
Сауалнамаға 38 мұғалім, 210 оқушы, 153 ата-ана қатысты.
9-20 қараша аралығында «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты ақпараттық науқаны өткізілді.
Жоспар бойынша 9 қарашада қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Даутова мен Г.Ахметованың ұйымдастыруымен 7-11-сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе байқауы өтті. 10-13 қараша аралығында ата-аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбы аясында онлайн семинар өтті.
10-15 қараша аралығында қыздар және ұлдар кеңесінің жетекшілері Г.Шайза мен А.Рамазановтың басшылығымен «Түнгі қаладағы бала» рейдтері жүргізілді.
БҰ ұйымдастыруымен Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша АПБ қызметкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды. 10-сынып оқушылары арасында «Мектеп-қатыгездік пен зорлық – зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мектеп-гимназия психологтары Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова «Психологиялық қызметтің және отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері» бойынша психологиялық онлайн кеңес ұйымдастырды.
1-11-сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттар өткізіліп, тақырыпқа сай презентациялар мен бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.
7-11-сынып оқушылары арасында "Жасөспірімдің қауіпсіз жыныстық дамуы» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.
Ақпараттық науқан аясында өткізілген шаралар туралы анықтамалар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Әлеуметтік желілерде мектеп-гимназияның «Сенім» телефоны және психологтары мен әлеуметтік педагогтың байланыс телефондары жарияланды.
Жарияланымдарға сілтемелер:
1.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=850354359036130&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
2.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=850346845703548&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
3.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=850243222380577&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
4.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=850000569071509&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
5.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=845311086207124&id=100021847221311?sfnsn=mo
20 қазан-20 қараша аралығында өткен «Бала құқығы-адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 8-сыныптар арасында «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» онлайн диалог ұйымдастырылды.
1-11-сынып ата-аналары арасында «Әрбір бала үшін» баланың мектепке оралуы кезінде психикалық денсаулықты қолдау туралы онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа педагог-психолог Ғ.Белгібаева қатысып, кеңес берді. 3-4-сынып оқушылары «Позитивті отбасы» бейнероликтер топтамасын дайындап, әлеуметтік желілерге жариялады.
5-сынып оқушылары арасында «Ұрпақ тәрбиесі», «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» тақырыптарында сынып сағаттар өтіп, отбасы құндылықтары насихатталды.
6-7-сынып оқушылары «Мейірімділік» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, бейнероликтер дайындады.
Педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек «Балалар өкілдерімен» онлайн кездесу өткізіп, пікіралмасу ұйымдастырды.
5-11-сынып оқушылары арасында «Менің құқығым» атты сауалнама алынып, оқушылармен «Бала құқығы» туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
9-10-сынып оқушылары «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбы аясында челлендж ұйымдастырды.
Айлық барысында мектеп-гимназия оқушылары арасында «Бала құқығы» туралы сынып сағаттар өтіп, ата-аналар арасында «Бала құқығы» тақырыбында жадынамалар таратылды.
Өткізілген шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Сілтемелер:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=842748886463344&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=842689359802630&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=837255260346040&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=836745463730353&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=836536097084623&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=835065123898387&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=835056140565952&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=835047517233481&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=834028290668737&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=833929087345324&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=832027914202108&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i
Барлық сыныптарда сынып жетекшілер мектеп ережесіне, оқушылар арасындағы қарым - қатынас, оқушылардың міндеті мен құқығы, жапуапкершілігі, «Нөлдік төзімділік» туралы әңгімелер мен сынып сағаттар өткізген. Мектеп – гимназия оқушылары өз міндеттері мен құқыларын біледі. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс - шаралар әр сынып жетекшінің тәрбие жоспарында қамтылған.
Мектеп-гимназия фойесінде «Құқық» бұрышы безендірілген, «Сенім» жәшігі орнатылған. АІІБ бірлесе отырып, мектеп-гимназия оқушылары араcынан полицияның балғын көмекшілері (ПЖК) «Қыран» тобы, «Жасөспірім» клубы құрылып, жоспар бойынша жұмыс атқарылуда.
Мектеп-гимназия оқушылары мен ата-аналары, мұғалімдеріне арналған жалпы құқықтық білім беру жоспарына сай ақпараттық-насихат жұмысы іске асырылуда.
Оқу жылы бойы мектеп ұстаздары мен ата- аналар және АІІБ –нің қызметкерлері кешкі уақытта бірлескен рейдтер жүргізуде.
Мектеп-гимназия бойынша мектепішілік және АІІБ есептер тұрған оқушылар мен сәтсіз жанұялар тіркеуде тұрған жоқ. Құқық бұзушылың алдын алу бойынша шаралар жоспарға сай жыл бойы жалғасатын болады.