«Мен өмірге дауыс беремін!» акциясы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2021

«Мен өмірге дауыс беремін!» акциясы

Мектеп-гимназия психологтары Ғ.Белгібаева мен М.Майкенованың ұйымдастыруымен ата-аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стендтерді рәсімделіп, балаларға психологиялық көмек көрсету бойынша ақпараттық парақшалар таратылды.Осы тақырып аясында 1-11 сынып оқушыларымен өзі-өзі тану сабақтарында тақырыптық сабақтар өтті. Әр түрлі мақсатты топтарға арналған (балалар, ата-аналар, мұғалімдер) «Балаларды бірге сақтайық!», « Біз өмірді таңдаймыз!», «Ата-аналар үшін жаднама», «Кімге жүгіну керек?» жаднамалар таратылыды. 5-10-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылып,баланың денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша сынып сағаттары өткізілді. 1-11-сынып оқушылары арасында интернетте қолайлы тәртіп модельдері туралы бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып, мұғалімдер арасында «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында  түсіндіру жұмысы өткізілді. Барлық сыныптарда балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді. Балалар мен ата-аналар арасында консультациялық, психокоррекциялық жұмыс ұйымдастырылып,оқушылар арасында психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия бойынша  тұрмысы қолайсыз  отбасыларында   тәрбиеленетін оқушылар жоқ. Әлеуміттік жағдайы төмен және көп балалы отбасындағы  балаларға ерекше назар аударылған. «Сенім жәшігінің» жұмысы қатаң бақылауға алынған.

1-4-сынып оқушылары арасында «Әлемге күлкіңді сыйла!» фотосуреттер конкурсы,5-11-сынып оқушылары арасында «Мен өмірді  сүйемін!» жас суретшілер байқауы және   «Осы   өмірге келгеніме қуанам!» тақырыбында шығармалар байқауы өткізіліп, үздік жұмыстар мақтау қағаздармен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив