«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында жыныстық тәрбиенің наурыз айының жоспарына сай «Адамгершілік және жыныстық тәрбие» айдарымен көптеген іс-шаралар өтті. Сондай іс-шараның бірі 8ә сыныбында 19 наурызда ZOOM форматында өткен «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» атты тәрбие сағаты болды. Іс-шараны 8ә сыныбының жетекшісі Г.Ибраимова ұйымдастырды. Оқушыларға видеоролик көрсетіліп, осындай келеңсіз оқиғаны болдырмау мақсатында түсіндіру жұмысы өтті. Іс-шара барысында ерте жүктілік анықтамасы беріліп, оның нәтижесінде жас ананың организміне келтіретін қауіп түрлері айтылды. Г.Ибраимова осындай келеңсіз жағдайдың қазақ халқына жат екенін айта келіп, оқушыларды жастарды әр қадамын ойланып басуға шақырды. Оқушылар өз айларын айтып,пікірлерін білдірды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=929791651092400&id=100021847221311