"Республикам-мақтанышым"
2025 жылдың 24 қазан күні мектеп-гимназия фойесінде «Республикам- мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті. Шараға 1-11-сынып оқушылары, мектеп-гимназия ұстаздары қатысты. Салтанатты жиында педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек пен физика пәнінің мұғалімі Ғ.Қайрат жүргізді.
Жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, мемлекеттік гимн орындалды.
Салтанатты жиынның құрметті қонақтары Аналар кеңесінің мүшесі Билибаева Алия Имбиргеновна, ардагер ұстаз, Көксу ауданының құрметті азаматы Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Ата-аналар кеңесінің мүшесі Сейтбекова Альфия Еркінқызы қатысты.
Шара барысында «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Ұланбасы мен Мектеп Парламентінің Президентіне, топ басшыларына куәлік табыстау рәсімі қонақтарға берілді.
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы мен Мектеп Парламенті Президентінің мүшелері салтанатты түрде АНТ берді.
Құттықтау сөз мектеп-гимназия директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары Қасымова Балауса Серғазықызына берілді.
Қонақтардан құттықтау сөз ардагер ұстаз Тулекенов Мұратбек Баянұлына берілді.
Жиында Қазақстан туралы өлеңдер оқылды, патриоттық әндер орындалды. Салтанатты жиын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
https://www.instagram.com/p/DQLjv7VjPPU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==