«Республикам- мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті
2024 жылдың 24 қазан күні мектеп-гимназия фойесінде «Республикам- мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті. Шараға 1-11-сынып оқушылары, мектеп-гимназия ұстаздары қатысты. Салтанатты жиында педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек пен физика пәнінің мұғалімі Ғ.Қайрат жүргізді.
Жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, мемлекеттік гимн орындалды.
Салтанатты жиынның құрметті қонақтары: Аналар кеңесінің мүшесі Билибаева Алия Имбиргеновна, Аналар кеңесінің мүшесі Көпбаева Марқаш Қауысқызы, Ардагер ұстаз Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Әкелер кеңесінің мүшесі Құсманов Оразғали Нұрғожаұлы қатысты.
Шара барысында «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Ұланбасы мен Мектеп Парламентінің Президентіне, топ басшыларына төс белгі табыстау рәсімі қонақтарға берілді.
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы мен Мектеп Парламенті Президентінің мүшелері салтанатты түрде АНТ берді.
Құттықтау сөз мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Нурдаулетова Айдынгуль Жүрекқызына берілді.
Қонақтардан құттықтау сөз ардагер ұстаз Тулекенов Мұратбек Баянұлына берілді.
Жиында Қазақстан туралы өлеңдер оқылды, патриоттық әндер орындалды. Салтанатты жиын «Атамекен» әнімен аяқталды.