"Сыңғырла, күміс қоңырау!" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

"Сыңғырла, күміс қоңырау!"

   Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта  мектеп – гимназиясында  2021 жылдың  1 қыркүйек   күні  «Сыңғырла, күміс қоңырау!»  атты   салтанатты  жиын  өтті. Жиын   мектеп-гимназия ауласында   сағат  9.00 – де басталды.   Жиынға  1-сынып оқушылары,  ата- аналары, ұстаздары қатысты.

Салтанатты жиын  барысында санитарлық талаптар сақталды.Жиын  алғашқы  мектеп   табалдырығын  аттаған  1- сынып оқушыларын  мектеп   қабырғасында  қарсы  алудан   басталды.   Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы,   Қазақстан Конституциясы, МӘҢГІЛІК ЕЛ ұлттық идеясы контексіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Н.Ә.Назарбаев  «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ   ЖАҢҒЫРТУ» мақаласы туралы айтылып, ҚР   мемлекеттік  Гимні  орындалды. Салтанатты  жиын   ашылды.

  Алғашқы  сөз   мектеп- гимназия   директоры  Тулекенов М. Б.  берілді. Өз   баяндамасында  Мұратбек  Баянұлы   мектеп-гимназия   ұжымының  өткен   оқу жылының  жетістіктері  атап  өтіп, жаңа  2021 – 2022 оқу  жылында оқушылар  мен   ұстаздарға  табысты жұмыс  тіледі.   Республикалық «Мектепке  жол» акциясына, оқушылардың  жазғы  демалысын ұйымдастыруға  демеушілік   көрсетіп келе жатқан  ата- аналарды  атап  өтіп, алғысын   білдірді.

1- сынып  оқушылары   мектеп, оқу, білім  туралы  өлеңдер   оқыды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді  ата- аналар атынан  Баубекова Айжан Сакенқызы   құттықтады. 

11- сынып оқушылары атынан оқу   үздігі, мектеп – гимназия белсендісі, 11а сынып оқушысы  Ерболат Аяулымның  құттықтау сөзінен кейін, 11-сынып оқушылары 1- сынып оқушыларына  балаларға «Әліппе» оқулығын табыс етті. Алғашқы   қоңырауды  1- сынып  оқушылары    Абдрахманова Даяна мен Қайрат Нұрхат, Мұхтар Айкүнім мен Ойланбекұлы Нарбол   соқты.

Салтанатты  жиын жабық  деп   жарияланып,  қонақтар мен мектеп- гимназия  оқушылары алғашқы  сабақтарға шақырылды.   Мектеп-гимназияның барлық сыныптарында «Тәуелсіздік жетістіктері»    тақырыбында  сынып сағаттары өтті.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив