Тәуелсіздікке тарту » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2017

Тәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікке тарту 

17 қарашада Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында қазақтың ұлттық ойыны  «Тоғызқұмалақтан» үйірме жетекшісі Күреңов Құсайын Оразақынұлының ұйымдастыруымен 5,6,7- сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналып мектепішілік біріншілік жарысы өтті. 

Жарыс 5 ойыннан тұрды. Есепке жүйріктік пен   ұшқыр оймен ойлануды қажет ететін жылдам ширақ ойнау ойынына әр сыныптың 30дан аса мықты ойыншылары қатыстырылды. Жарыстың ашылуына және  марапаттау кезеңінде мектеп-гимназия директоры Мұратбек Баянұлының және мектеп-гимназия директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Айдынгүл Жүрекқызы қатысты.Мұратбек Баянұлы  ұлттық ойынның шығу тарихына  кең тоқтала келе, ауданда мектеп намысын қорғап, ары қарай ойындарын шыңдап,  облыс намысын қорғайтын ойыншылар  мектеп-гимназиядан шығады деген сенім білдірді, жеңімпаздарды құттықтады. Ұлдар арасында І орынды 7ә сынып оқушысы Төлепберген Алмас,ІІ орынды 7ә сынып оқушысы Жұмаділ Қанат және 6ә сынып оқушысы Қилыбек Абылай, ІІІ орынды 7ә сынып оқушылары Нүсіпбай Нұрасыл, Сейталы Нұрдаулет және 5ә сынып оқушысы Ұлан Елжас иеленді. 

Қыздар арасында І орынды 6б сынып оқушысы Алимжанова Қарақат, 

 ІІ орынды 5ә сынып оқушысы Серікқызы Назерке,6 ә сынып оқушысы Нұрқасым Жансая,ІІІ орынды 5 ә сынып оқушылары Нұрбек Сая мен Бейсен Жібек иеленді. Жеңімпаздар мектеп-гимназия директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Оқушылар алдағы жарыстарға жақсы дайындықпен келіп,үлкен жетістікке жетуге сенім білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарасты. 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив