"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Мектеп – гимназияда 2021 жылдың 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Жиын zoom платформасы арқылы онлайн форматта сағат 10.00 – де басталды.
Жиынға 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналары, мектеп-гимназия ұстаздары қатысты.
Салтанатты жиын басында мектеп – гимназия директоры М. Б. Тулекенов мектеп – гимназияның 2020-2021 оқу жылындағы жұмысы туралы баяндады.
Сынып жетекшілер атынан 11а сынып жетекшісі Ж.М.Абишева құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп – гимназияның түлектері атынан информатика пәнінен республикалық байқаудың ІІ орын иегері 11 Ә сынып оқушысы Аманбай Алимхан түлектер атынан мектеп – гимназияның ұстаздарына алғыс айтып, құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп – гимназияның «Алтын белгі» белгісіне үміткер түлектер 10 –сыныптың үздік оқушыларына Білім аманатын тапсырғаннан кейін соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгі» белгісіне үміткері Керімбай Айқын мен «Ерекше аттестатқа» үміткері Ерғали Құралайға берілді.
Жиын мектеп –гимназияны бітіруші түлектердің «Қош бол, мектебім!» әнімен аяқталды.