"Қош бол,алтын-ұя мектебім!" » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июнь
2023

"Қош бол,алтын-ұя мектебім!"

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы      мектеп – гимназиясында               2023 жылдың  22 маусым   күні  «Жас түлек-2023»  атты   салтанатты  жиын  өтті. Жиын   мектеп-гимназия  фойесінде  сағат 10.00 – де басталды. 

Салтанатты  жиын   барысында мектеп – гимназия   ұстаздары  мен  аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.

Жиын басында мектеп – гимназия   директорының  оқу ісі  жөніндегі орынбасары     Қасымова Балауса Серғазықызы  орта   білім  туралы  аттестаты   және  жекелеген  пәндерді   оқып үйренудегі  ерекше  жетістігі үшін  мақтау   грамотасымен  марапаттау  туралы   бұйрықпен  таныстырып,  мектеп-гимназия директоры  Тулекенов Мұратбек Баянұлы 2022-2023 оқу жылындағы бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы  аттестат    тапсырды және   мектеп бітіруші түлектердің жекелеген пәндерді меңгерудегі жетістіктері үшін  мақтау қағаздарымен марапаттады,соңынан мектеп бітіруші түлектерге арнап  құттықтау сөз сөйледі.

Қонақтардан құттықтау сөз   Көксу ауданының әкімінің орынбасары Тасқанбаев Серік Дюсебайұлына,   мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызына берілді. 

Сынып жетекшілер атынан 11 Ә сынып жетекшісі З.Темірғали, ата- аналар атынан Шаяхметова Гүлмира Берликашевна      құттықтау сөз сөйледі.

 11- сынып   түлегі    мектеп – гимназияның  түлектері  атынан   МАйданбек Амира мектеп – гимназияның ұстаздары мен  оқушыларына   жылы  лебізін  білдірді.

Мектеп бітіру кеші барысында  11-сыныптардың жетекшілері С.Сандыбаева мен З.Темірғали  және мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен арнайы киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп формасын сақтады.

Оқушылардың тұрғылықты жерлерінен сыртқа, серуенге және т.б. шығуына тыйым салынды, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив