"Қош бол,алтын-ұя мектебім!" атты салтанатты жиын өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2022

"Қош бол,алтын-ұя мектебім!" атты салтанатты жиын өтті.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы      мектеп – гимназиясында               2022 жылдың  16 маусым  күні   «Жас түлек-2022»  атты  салтанатты   жиын  өтті. Жиын  мектеп-гимназия  фойесінде   сағат 10.00 – де басталды. Жиынға Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлы, Ғылым және білім қызметкерлерінің кәсіподағының Көксу ауданы бойынша филиалының төрағасы Нусипова Дина Шаяхметқызы және мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Аслбекқызы қатысты. 

Салтанатты  жиын   барысында мектеп – гимназия   ұстаздары  мен  аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.

Жиын басында мектеп – гимназия   директорының  оқу ісі  жөніндегі орынбасары     Қасымова Балауса Серғазықызы  орта   білім  туралы  аттестаты   және  жекелеген  пәндерді   оқып үйренудегі  ерекше  жетістігі үшін  мақтау   грамотасымен  марапаттау  туралы   бұйрықпен  таныстырып,  мектеп-гимназия директоры  Тулекенов Мұратбек Баянұлы

 2021-2022 оқу жылындағы бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы  аттестат    тапсырды және   мектеп бітіруші түлектердің жекелеген пәндерді меңгерудегі жетістіктері үшін  мақтау қағаздарымен марапаттады,соңынан мектеп бітіруші түлектерге арнап  құттықтау сөз сөйледі.

«Алтын белгі» белгісінің иегерлеріне жалпы орта білім туралы аттестатты Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлы тапсырды.

Қонақтардан құттықтау сөз   Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлына және мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Аслбекқызына берілді. 

Сынып жетекшілер атынан 11 Ә сынып жетекшісі Ә.Тоқан, ата- аналар атынан    Дәуітәлі Жұмағали Кінәзұлы   құттықтау сөз сөйледі.

 11- сынып   түлегі  Жұмаділ Қуат мектеп – гимназияның  түлектері  атынан   мектеп – гимназияның ұстаздары мен   оқушыларына  жылы  лебізін   білдірді.

Мектеп бітіру кеші барысында  11-сыныптардың жетекшілері Ә.Тоқан мен А.Даутова және мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен арнайы киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп формасын сақтады.

Оқушылардың тұрғылықты жерлерінен сыртқа, серуенге және т.б. шығуына тыйым салынды, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

16 маусым күні мектеп бітіруші түлектердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылып, АПБ қызметкерлерімен бірлесіп, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шаралары өткізілетін болады.

 Мектеп бітіруші түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыру мерекесіне арналған   салтанатты жиын  туралы мәлімет әлеуметтік желілерде жариланды.

https://www.facebook.com/100021847221311/posts/1211438686261027/?d=n

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив