«Мектебім-саған мың алғыс!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2025

«Мектебім-саған мың алғыс!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді

23 мамыр күні сағат 9.00 де мектеп-гимназия фойесінде  2024-2025 оқу-жылының қорытындысы бойынша  «Мектебім-саған мың алғыс!»  тақырыбында  салтанатты жиын өткізілді. 

2024-2025 оқу-жылының қорытындысына орай  өткізілген жиынның мақсаты- оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.

Іс-шараны өткізу мектептің директорының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізілді.

Мектеп бітірушілер іс-шарасын  бітіруші сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырды.

Жиынды педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек   және физика пәнінің мұғалімі Ғ.Қайрат жүргізді.

 Салтанатты жиында 11-сынып түлектері Ұстаздар мен білім ұясына алғыс айтып, өлеңдер оқыды.   

Мектепішілік «Үздік оқушы-2025», «Үздік сынып-2025» байқауларының жеңімпаздары   марапатталды.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынның  құрметті қонақтары: Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы, Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша  білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы, Көксу ауданының құрметті азаматы Базилов Сайлау Базилұлы, ардагер ұстаз, Көксу ауданының Құрметті азаматы   Тулекенов    Мұратбек   Баянұлы, Әжелер алқасының мүшесі, Көксу ауданының Құрметті азаматы  Балабекова Аңсабала  Асылбекқызы   қатысты.

Мектеп-гимназия директоры Нурдаулетова А.Ж., Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы және «Жас түлек-2025» түлектер атынан   «Алтын белгі» белгісіне үміткер Бүрлібайқызы Аяжан құттықтау сөз сөйледі. 

Жиын барысында мектеп-гимназия ұстаздары кезекшілік жасалды.

Учаскелік полиция қызметкерлерін тарта отырып, барлық үй-жайларда және мектеп аумағында кезекшілік жасалып, қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу басты назарға алынды.

Салтанатты жиынды өткізу барысында аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойына экскурсиялар өткізуге, әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға жол берілген жоқ.

2024-2025 оқу жылындағы  қоңырау соғу құрметі «Алтын белгі» белгісіне үміткер Абдрешова Сабина мен   футболдан облыс чемпионы Елтаев Даниял, Малайзиядағы XIAMEN университетінің   грант иегері  Өмірзақов Ерасылға  тапсырылды.

Жиын мектеп бітіруші түлектердің «Мектеп бітіру вальсімен» аяқталады.

 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына  кешкі уақыттарда ойын-сауық орындарына бармау, қымбат көлік жалдамау туралы қатаң ескертілді.

Кешкі уақытта мектеп әкімшілігі, 11-сынып жетекшілері және ата-аналары АПБ инспекторымен бірлесіп, «Түнгі қаладағы бала» акциясы аясында түнгі рейд ұйымдастырып, оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алады.

1-11-сыныптарда «Білімім-Отаныма» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында  «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп»,  Адал азамат» тақырыптарында жазылған эссе байқауының  жеңімпаздары және оқу үздіктері мақтау қағаздарымен      марапатталды.


https://www.instagram.com/p/DJ_EBlpCXGs/?igsh=NTJnMGgyeXo2am0=

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив