"Мектебім-мейірім мекені" салтанатты жиын өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2024

"Мектебім-мейірім мекені" салтанатты жиын өтті.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта   мектеп – гимназиясында  2024 жылдың  1 қыркүйек  күні  «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»  атты   салтанатты  жиын  өтті. Жиын   мектеп-гимназия фойесінде   сағат  9.00 – де басталды.   Жиынға  1-сынып оқушылары,  ата- аналары, ұстаздары қатысты.

Салтанатты жиын   барысында мұғалімдер мен АПБ қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.Жиын  алғашқы   мектеп  табалдырығын  аттаған   1- сынып оқушыларын  мектеп  қабырғасында   қарсы  алудан басталды.

Салтанатты жиында мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.

Салтанатты іс-шара оқушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру,  отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

  Алғашқы  сөз   мектеп- гимназия   директоры  Тулекенов М. Б.  берілді. Өз   баяндамасында  Мұратбек  Баянұлы   мектеп-гимназия   ұжымының  өткен   оқу жылының  жетістіктері  атап   өтіп, «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізгі қағидаларына тоқталды, жаңа  2024 – 2025 оқу  жылында оқушылар  мен   ұстаздарға  табысты жұмыс  тіледі.  

Салтанатты жиынға  қамқоршылық кеңесінің төрағасы Үсенова Салтанат Әзімжанқызы тәрбие және құқық жөніндегі ментор Нүсіпжанов Саян Айдарұлы қатысты.

Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отырған 1- сынып   оқушылары  мектеп, оқу, білім  туралы   өлеңдер  оқыды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді   ата- аналар атынан Қуаныш Амангүл    құттықтады. 

11- сынып оқушылары атынан үздік оқушы 11а сынып оқушысы    Сейлхан Арунаның  құттықтау сөзінен кейін,  алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы  қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушылары  Нұрәділ Сабина мен Асланұлы Аланға және 11-сыныптың үздік оқушылары Алдаберген Азамат пен  Бекет Аяжанға   берілді. 

Салтанатты  жиын жабық  деп   жарияланып, 2 қыркүйек күні 1-11-сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан»    тақырыбында   сынып сағаттары өтетіндігі хабарланды. Қонақтар мен мектеп- гимназия  оқушылары және олардың ата-аналары естелік суреттерге түсті.

Әлеуметтік желілерде #Bilim_guni хэштегін пайдалана отырып, 1-сыныптар бойынша: «Мектепке алғашқы қадам»;

1-сынып оқушыларының ата-аналары үшін – «Мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;

сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!», тақырыптарында, 2-4-сыныптар бойынша : «Мен үшін қымбат - мектебім!»;

Сынып жетекшілер үшін «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!»тақырыптарында, 5-8-сыныптар бойынша: 

«Жаңа жетістіктерге жетуге дайынмын!»;

Сынып жетекшілер үшін «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!» тақырыптарында, 9-11-сыныптар бойынша: «Ой. Арман. Мақсат»;

Сынып жетекшілер үшін «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!» тақырыптарында бейнероликтер жарияланды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив