1 қыркүйек-Білім күніне орай "Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек-Білім күніне орай "Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті.
01
сентябрь
2023

1 қыркүйек-Білім күніне орай "Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта   мектеп – гимназиясында  2023 жылдың  1 қыркүйек  күні  «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»  атты   салтанатты  жиын  өтті. Жиын   мектеп-гимназия фойесінде   сағат  9.00 – де басталды.   Жиынға  1-сынып оқушылары,  ата- аналары, ұстаздары қатысты.

Салтанатты жиын   барысында мұғалімдер мен АПБ қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.Жиын  алғашқы   мектеп  табалдырығын  аттаған   1- сынып оқушыларын  мектеп  қабырғасында   қарсы  алудан басталды.

Салтанатты жиында мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.

Салтанатты іс-шара оқушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру,  отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

  Алғашқы  сөз   мектеп- гимназия   директоры  Тулекенов М. Б.  берілді. Өз   баяндамасында  Мұратбек  Баянұлы   мектеп-гимназия   ұжымының  өткен   оқу жылының  жетістіктері  атап   өтіп, жаңа  2023 – 2024 оқу  жылында оқушылар  мен   ұстаздарға  табысты жұмыс  тіледі.   Республикалық «Мектепке  жол» акциясына, оқушылардың  жазғы  демалысын ұйымдастыруға  демеушілік   көрсетіп келе жатқан  ата- аналарды  атап  өтіп, алғысын   білдірді.

1- сынып  оқушылары   мектеп, оқу, білім  туралы  өлеңдер   оқыды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді  ата- аналар атынан Джунисова Баян Еркиновна   құттықтады. 

11- сынып оқушылары атынан «Үздік оқушы» номинациясының иегері, Y республикалық «Абайтану» олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері   11а сынып оқушысы   Шаймерден Аяулымның  құттықтау сөзінен кейін,  алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы  қоңырау соғу құрметі 1-сынып   оқушылары Болатұлы Бекжан мен Арын Кәусарға  және 11-сыныптың үздік оқушылары Рашихан Ерзат пен  Базарбекқызы Гаухарға берілді. 

Салтанатты  жиын жабық  деп   жарияланып,  қонақтар мен мектеп- гимназия  оқушылары алғашқы  сабақтарға шақырылды.   Мектеп-гимназияның барлық сыныптарында «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»    тақырыбында   сынып сағаттары өтті.

  Сынып сағаттары аясында педагогтер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастырып, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға тырысты.

 Салтанатты іс-шараға Жетісу облыстық білім басқармасының әдіскері Зиятай Сажида Қайратқызы  және мектеп-гимназияның ардагер ұстазы Құрманова Майра Сәрсенқұлқызы,    оқушылардың ата-аналары, азаматтық қоғам және бизнес өкілдері қатысты.

Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.

 Сонымен қатар, бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде  оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейінің ескеріліп, балалардың жазғы демалыстан алған әсерлері талқыланып,  мұражай, кітапхана ресурстары пайдаланылды,  заманауи интерактивті технологиялар, қосымша көрнекі құралдар қолданылды.

 Оқушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы өткізілді. «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы!», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм»; «Менің мектептегі алғашқы күнім», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;«Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»; «Менің саяхатым»; «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Білімнің адам өміріндегі рөлі»; «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!», «Еңбекқорлық – бақыт негізі» тақырыптары бойынша бейнероликтер дайындалып, Bilim_quni хэштегімен әлеуметтік желілерде жарияланды.

Жаңа оқу жылының басталуына орай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АПБ қызметкерлерімен және «Абайлаңыз,балалар!» акциясы аясында жол көлік полициясының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, түсінідіру жұмыстары жүргізілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив