«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта   мектеп – гимназияда  2025 жылдың  2 қыркүйек  күні  «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»  атты   салтанатты  жиын  өтті. Жиын   мектеп-гимназия фойесінде   сағат  8.00 – де басталды.   Жиынға  1-сынып оқушылары,  ата- аналары, ұстаздары қатысты.

Салтанатты жиын   барысында мұғалімдер мен АПБ қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Жиын  алғашқы   мектеп  табалдырығын  аттаған   1- сынып оқушыларын  мектеп  қабырғасында   қарсы  алудан басталды.

Салтанатты жиында мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.

Салтанатты іс-шара оқушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру,  отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

  Алғашқы  сөз   мектеп- гимназия   директоры   А.Ж.  Нурдаулетоваға берілді. Өз  баяндамасында   Нурдаулетова А.Ж.    мектеп-гимназия   ұжымының   өткен  оқу жылының  жетістіктері   атап  өтіп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының  негізгі қағидаларына тоқталды, жаңа  2025 – 2026 оқу  жылында оқушылар  мен   ұстаздарға  табысты жұмыс  тіледі.   

Салтанатты жиынға Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы,  

Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша  білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ардагер ұстаз, Білім беру ісінің үздігі, Көксу ауданының Құрметті азаматы  Бәзілов Сайлау Бәзілұлы,    Әжелер алқасының мүшесі, Көксу ауданының Құрметті азаматы  Балабекова Аңсабала  Асылбекқызы қатысты.

Құрметті қонақтар: Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы,  Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ардагер ұстаз, Білім беру  ісінің үздігі, Көксу ауданының Құрметті азаматы  Бәзілов Сайлау Бәзілұлы

мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отырған 1- сынып   оқушылары  мектеп, оқу, білім  туралы   өлеңдер  оқыды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді   ата- аналар атынан  Кентаева Сауле Салтайқызы құттықтады. 

11- сынып оқушылары атынан үздік оқушы 11а сынып оқушысы Айқынқызы Айгерімнің құттықтау сөзінен кейін,  алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы  қоңырау соғу құрметі оқушылары  Қасым Айзере мен Мұхтар Ерназар және 11-сыныптың үздік оқушылары Бірлікбай Ерсұлтан   пен  Мұратқызы Мерейге   берілді. 

Салтанатты  жиын жабық  деп   жарияланып, 2 қыркүйек күні 1-11-сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан»    тақырыбында   сынып сағаттары өтетіндігі хабарланды. Қонақтар мен мектеп- гимназия  оқушылары және олардың ата-аналары естелік суреттерге түсті.

Әлеуметтік желілерде  #Bilim_quni 

#Mektebim_meirim_mekeni хештегтерін пайдалану арқылы  

2-4-сынып оқушылары: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері»

 5-8-сынып оқушылары: «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» 

9-11-сынып  оқушылары: «Арманым мен мақсатым» тақырыптарында

Бейнероликтер жарияланды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив