"Балаңызды есірткіден сақтаңыз" жаднама
Жыл сайын 1987 жылдан бастап 26 маусымда Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аталып өтеді. Нашақорлық — әлемнің әлеуметтік проблемасы, миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан ауру, трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең, алайда ол, шекараны таныMayды, нәсіл, жыныс, жас талғаMayды. Бұл жарияланбаған соғыс тұлғаның толық жойылуына әкеп соғады. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды; психикалық тұрғыдан өзгереді; достарын, кейін отбасын жоғалтады; жаңа кәсіпті игере алMayды, ал бұрынғы біліктілігінен ештеңе қалMayды; өзіне және өзінің жақындарына бақытсыздық алып келеді; ақырындап өзінің дене мүшелерін өлтіре бастайды.
ЖАДНАМА
1.Есірткінің, спирттік жайлы ішімдікке және темекіні қолданудың зияндылығы жайлы мәліметті мүнкіндігінше көбірек жинаңыз.
2.Өз балаңыздың есірткінің қабылдауына жол бермеймін деген ұстанымға берік болыңыз. Бұл ойыңызды қашанда басқаларға жеткізіп отырыңыз. Өзіңіздің «Есірткіге, алкогольге ,темекіге жол жоқ» деген ұстанымызды бекіту үшін, нақты да берік құлық нормалары мен ережелерін ұстанып, олардың қатал сақталуын қадағалаңыз.
3.Есірткі, алкоголь және темекіні қолданудың алғы шарты мен белгілері жайлы барынша хабардар болуға тырысып, өз балаңызды мұқият бақылап жүріңіз.Олардың сізді алдауына жол бермеңіз.
4.Егер балаңыздың анда –санда спирттік ішімдік ішіп тұрғанын байқасаңыз, көрмегендей, еш нәрсе болмағандай болып жүрмеңіз. Жағдайды тереңірек зерттеңіз. Балаңыздың артынан мұқият қараңыз.Күмәнді әрекеттерінің қашан,қай күні,қай жерде болғандығын жазып отырыңыз.
Ата-аналар, балаларыңызға қараңыздар!
Нашақорлық-бұл іс жүзінде емделмейтін ауру.Ешкім өзіне мұндай тәуелділік болғанын байқап көргісі де және бірде-бір ата-ана өз баласының қатты азаптанғанын басынан өткергісі келмейді.Нашақордың өзі және оны қоршаған адамдар,әсіресе ата-анасы азап шегетіні сөзсіз.
Ата-аналар бірінші болып зиянды затқа жасөспірімнің құмар екенін байқататын қауіпті белгілерді байқауы мүмкін.Сондықтан ата-аналардың өзіне нашақорлықтың таралуына мүмкіндік туғызатын себептер қандай екенін түсіну қажет:
1.Баланың өз мақсаттары мен талпыныстары жоқ,жетістіктерге ұмтылMayды.
2.Өзінің ересек өмірінде немен айналысатынын білмейді,өз тағдырын анық түсінбейді.
3.Өзін-өзі бағалауы төмен
4.Отбасындағы тұрақты жанжалдар және эмоционалдық жақындықтың жетіспеушілігі
5.Үлгерімі нашар,оқудан бас тарту,белгілі бір нәрсемен айналысуға құлқы жоқ
6. Teachersмен қарым-қатынас бұзылған,сенімділік жоқ
Осы тізімдегі факторлардың біреуі байқалса,онда баланың туыстарына шаралар қабылдау керек және мынаны ескеру қажет:
1.Балаға көп көңіл бөлу
2.Сүйіспеншілік таныту
3.Баламен бірге уақытты көп өткізу
4.Бала пікірін құрметтеу
5.Сенім білдіру
6.Жылы сөздер айтып, қолдау көрсету