Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары » Страница 26 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72838) 2-01-16
bookkeeping:
+7(72838) 2-01-16
Version for
visually impaired
"Денсаулық-зор байлық" атты кездесу өтті.
03
October
2022
"Денсаулық-зор байлық" атты кездесу өтті.
Мектеп-гимназияның 8-11-сынып оқушылары арасында "Денсаулық-зор байлық" атты кездесу өтті. Кездесуге Көксу аудандық емханасының гинеколог маманы Гүлзира Жұмаханқызы қатысты. Шара барысында қыздардың жеке бас гигиенасы және жыныстық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ерте жастан жүктіліктің  қыздардың ағзасына кері әсері туралы да терең мәлімет берілді. Ұйымдастырған: педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек және  қыздар кеңесінің жетекшісі Г.Шайза
Ұлдар жиналысы өтті.
28
September
2022
Ұлдар жиналысы өтті.
Көксу аудандық прокуратурасының хаттамалық шешіміне сәйкес Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп -гимназиясының 5-11 -сынып ұлдары арасында жиналыс өтті. Шара барысында жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттер, буллинг, бопсалау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі туралы түсінік берілді. Ұйымдастырған :ТІЖО Г.Мейрбекова,Г.Құсманова,АӘД пәнінің мұғалімі Д.Темірбеков  
Тілдер айлығы аясында өткізілген іс-шаралар
20
September
2022
Тілдер айлығы аясында өткізілген іс-шаралар
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша ҚР «Тіл туралы» Заңын орындау мақсатында  Тілдер айлығы аясында өткізілген іс-шаралар   2022-2023 оқу жылы Тілдер айлығының іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілді. 5 қыркүйек күні А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Қазақстан халқы тілдері айлығының жоспары жасалып, "Ұлт тарихындағы ұлы тұлға"  тақырыбында тiлдер мерекесiнiң ашылу салтанаты болды. Дайындаған  С.Жапсарбаева
Ата-аналар жиналысы өтті.
19
September
2022
Ата-аналар жиналысы өтті.
Қыркүйек айының 16-ында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына арнап оқушылар шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Жиналысты мектеп директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлы бастап, жиналған жұртты жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 2021-2022 оқу жылындағы мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие жұмысына есеп берді. Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша Усенова Салтанат ханым қамқоршылық кеңесiнiң жұмысы туралы баяндады.
"Тiл-татулық тiрегi"
19
September
2022
"Тiл-татулық тiрегi"
Бастауыш сыныптарда "Тiл-татулық тiрегi" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  
"Ұлт тарихындағы ұлы тұлға"
08
September
2022
"Ұлт тарихындағы ұлы тұлға"
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша 5 қыркүйек күні А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Қазақстан халқы тілдері айлығының жоспары жасалып, "Ұлт тарихындағы ұлы тұлға" тақырыбында тiлдер мерекесiнiң ашылу салтанаты болды.  
"Менің бақытты отбасым"
05
September
2022
"Менің бақытты отбасым"
7 қыркүйек-Отбасы күніне орай 5 А сынып оқушылары арасында "Менің бақытты отбасым" тақырыбында сынып сағаты өтіп,презентация көрсетілімі ұйымдастырылды. Сабақ барысында отбасылық құндылықтар насихатталды. Оқушылар тақырыпқа сәйкес бейнероликтер дайындап,әлеуметтік желілерде насихатталды. Сынып жетекшісі А.Тоқашев
"Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл"
05
September
2022
"Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл"
Бүгін, 5 қыркүйек – Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндертізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 5 қыркүйек, яғни А.Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні болып бекітілді. Осы мерекеге орай Қ.Қ.Жалайыри атындағы ОМГ кітапханасында оқушыларға қазақтың тіл білімінің іргетасын қалаушы, лингвист-ғалым,
"Терең бiлiм, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет"
01
September
2022
"Терең бiлiм, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет"
"Терең бiлiм, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет" атты тақырыпта барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.