Жедел анықтау тобы отырысының №2 хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72838) 2-01-16
bookkeeping:
+7(72838) 2-01-16
Version for
visually impaired
04
November
2021

Жедел анықтау тобы отырысының №2 хаттамасы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта  мектеп – гимназиясында 

жедел анықтау тобы отырысының

№2 хаттамасы


4 қараша 2021 жыл

Қаралған мәселе:

1.Істелінген жұмыстар есебі.

2.Мектеп психологтарының ата-аналармен жұмыстары

3.Түрлі мәселелер


Қатысты: Жедел анықтау тобының мүшелері, мектеп-гимназия  әкімшілігі, мектеп медбикесі А.Сатай, мектеп педагог- психологтары   Ғ.Белгібаева, М.Майкенова, әлеуметтік педагог  А.Есбосынова 

Жиынды  ТІЖО Г.Кусманова ашып балалар мен жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсау алаңдаушылық тудыруда. Оқушылар арасында осы жағдайды болдырмаудың алдын алу үшін көптеген істер атқарылуда.

          14 қыркүйекте 10-сынып оқушылары арасында  «Қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында биылғы жылдың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикасына сүйене отырып жастарды осы жолға итермелейтін не?-деген сұраққа жауап беіп, оқушылардың пікірлерін тыңдады. Интернет желісінде көп отырмауға,бөтен адамдармен танысқанда өте абай болуға шақырды.Сонымен қатар мұғалім бүгінде балалар жиі ұшырайтын кибербуллинг мәселесіне де тоқталды.

23 қыркүйек «Арыңды жасыңнан сақта» 9-11-сынып қыздары арасында пікірлесуде қазіргі кезде жастар арасында әсіресе қыздар арасында бой алған өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары туралы сөз болды.Г.Шайза жасөспірімдер арасындағы суицид өтпелі кезең ерекшеліктерімен байланысына тоқталды. Атап айтатын болсақ, ұл мен қыздың келіспейтін келбеті, жауапсыз махаббат, дене бітіміне көңілі толмау, мінез-құлық өзгерістері мен ішкі кикілжіңдердің пайда болуы. Осы тақырып төңірегінде сөз болған пікірлесуде оқушылар өз ойларымен бөлісіп, келеңсіз жағдайға жоламау жолдарын айтты.Ұлдар кеңесінің төрағасы  Т.Керімбеков «Жасөспірімдер арасындағы буллинг» тақырыбында кеңес берілді.Кибербуллинг – адамды ғаламтор беттерінде, мысалы, әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Т.Керімбеков  оқушылардың сMarchфон ұстап, әлеуметтік желіні бей-берекет пайдалануға болMayтынын әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігін ескертті. 

29 қазан күні айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында  мектеп-гимназия мұғалімдері арасында топтық қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг өтті. Ойын жаттығулар арқылы мұғалімдер өзара бір-біріне деген сенімділігі және бір-біріне көмек көрсету сезімдерін арттырды. Ойын жатығулар аяқталғанан кейін кері байланыс жасалды.

2- мәселе бойынша сөз алған Ғ.Белгібаева ата-аналармен жасалған жұмыстарға тоқталды. 13 қазан күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарына  «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында кеңес берілді. Мектеп бойынша қатты дағдарысқа ұшыраған оқушы жоқ.Құқық бұзушы,сәтсіз отбасы жоқ. Өгей ата-анамен тұратын оқушыларды үнемі бақылауға алып отырмыз.

Ұсыныс:

1.Оқушылардың бос уақытының тиімді, пайдалу   ұйымдастыруға мектеп әкімшілігі және ата- аналар  тарапынан басты назарға алынып, бақылауда үнемі ұсталсын

3.«Сенім  жәшігінің»   жұмысы  күнделікті  бақылансын.



Топ басшысы:                ТЖО  Г.Құсманова

Хатшы :                          М.Майкенова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив