Шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» түсіндіру жұмысы
Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы “2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы” № 150 бұйрығына сәйкес Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 21 сәуірде «Шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» оқушылар мен ата-аналарға таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналар назарына! Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жазғы мезгіл – балалар үшін нағыз демалатын шақ болса, су – балалар организімінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады.
Алайда, суға шомылудың пайдасын, тек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда көруге болады.
Осыған байланысты облысымыздың тұрғындарын жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан жасалған немқұрайлық орны толмас жағдайларға апарып жатады.
Балаларыңызды сақтаңыздар!
Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!
Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!
Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!
Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!
Суда ойнауға тыйым салынады!
Жалған дабыл беруге тыйым салынады!
Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!
Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!
Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!
Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!
Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=946567272748171&id=100021847221311