Ұлттық тәрбие бойынша І тоқсанда жүргізілген жұмыс
Ұлттық тәрбие бағытында І тоқсанда жүргізілген жұмыс
2020-2021 оқу жылы
«Туған жер» бағдарламасы аясында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы ұйымдастырылып, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында туған жерге деген сүйіспеншілік қалыптастыру,ұлттық құндылықтарды насихаттау басты назарға алынған.
"Алтын күз" мерекесін ұйымдастыру барысында бастауыш сынып оқушылары арасында туған жердің табиғатын бейнелейтін суреттер байқауы және 5-11-сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы ұйымдастырылып,
А.Құнанбаевтың «Қара сөздері» насихатталды.
https://www.instagram.com/p/CGXu9lZH55s/?igshid=17ptxzcdagw0q«Қазақтың 100 әні» жобасы аясында әндер жатталып, әлеуметтік желілерде насихатталды.
https://www.instagram.com/tv/CHPU0eMHXPX/?igshid=1suez4axjruwrhttps://www.instagram.com/tv/CHPdB_wnGbP/?igshid=bbboo56vr3rd
Осы бағытта «Мұрагер» шаңырағы» «Бабалар дәстүрі-ұрпаққа аманат» тақырыбы аясында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, бейнероликтер көрсетілімін ұйымдастырды.
Қазан айында «Қыз болашағы-ел болашағы» атты декадасының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Онкүндік барысында Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясатпен танысып, қыздардың білім алу, медициналық білім алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтары, түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты қыздардың дамуы мен денсаулығына зиян келтіретін салт-дәстүрлерді жеңу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүрді.