«Теңге тарихы – жауапкершілік сабағы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
2025 жылдың 10 қарашасында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Теңге тарихы – жауапкершілік сабағы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты – ұлттық валютамыз теңгенің тарихымен таныстыру, оның мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығындағы маңызын түсіндіру, оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамыту және ақшаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Сынып сағаттарында ұстаздар мен оқушылар теңгенің пайда болу кезеңдері, алғашқы үлгілері, тәуелсіз Қазақстан экономикасындағы орны туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларға қаржыны үнемді пайдалану, бюджетті жоспарлау жөнінде кеңестер берілді.
Іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, қаржылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DQ4MRwsjK05/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
