«Мемлекеттік рәміздер: тарих және қазіргі заман»
2025 жылдың «08» қазан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Мемлекеттік рәміздер: тарих және қазіргі заман» тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұжым мүшелерінің отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздердің тарихын зерделеу және олардың мән-маңызын түсіндіру.
ТІЖО Г.Т.Мейрбекова мектеп-гимназияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін талапқа орналастыру мен қолданылуы туралы түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында тарих пәні мұғалімі Б.Төлеубай ҚР Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің тарихына тоқталды. Ұстаздар рәміздердің қазіргі қоғамдағы маңызы туралы пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, шағын бейнеролик көрсетіліп, рәміздерді құрметтеудің маңыздылығы талқыланды.
Қорытынды: Дөңгелек үстел ұстаздардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға, отансүйгіштік сезімін нығайтуға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DPicsx0jJsy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTFubDFzd21vdzk4eA==