26
September
2025
Оқу-жаттығу өтті.
Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет дағдыларын, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу, өзін-өзі құтқару мен өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен әдістерін пысықтау, халық арасындағы ықтимал шығындарды барынша азайту мақсатында, Азаматтық қорғау саласында халықты және мамандарды ақпараттандыру, білімдерін насихаттау, оқыту қағидаларының 122-тармағына (ҚР ІІМ 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығы) сәйкес, мектеп-гимназия ұстаздары, ұжым мүшелері мен оқушыларының қатысуымен 2025 жылдың 26 қыркүйек күні сағат 10.35 те жоспарға сәйкес оқу- жаттығу өткізілді. Дабыл естілген кезде мектеп-гимназия мұғалімдері, кіші қызметкерлері мен оқушылары мекеме ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды. Жаттығуға 55 мұғалім, 22 кіші қызметкер, 535 оқушы қатысты.
Оқу-жаттығу шеңберінде Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер пысықталды (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117).
Жаттығулар аясында келесі мәселелер қамтылды:
- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге
(іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау берілді;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау ұйымдастырылды;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуі, сондай-ақ дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.
Оқу-жаттығу өткізу барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты назарға алынды.