"Қош бол, алтын ұя-мектебім!"
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназияда 2025 жылдың 18 маусым күні 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат тапсыруға және мектеп бітіруші түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған «Қош бол, алтын-ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті.
9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған жиын сағат 8.00 де мектеп мәжіліс залында өтті. 9-сыныптардың 70 оқушысына негізгі орта білім туралы аттестат тапсырылды. Жиын барысында мектеп-гимназия директоры А.Ж.Нурдаулетова және 9 Ә сынып жетекшісі Қ.Төлеубай құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп бітіруші түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған «Қош бол, алтын-ұя мектебім!» атты салтанатты жиын мектеп-гимназия фойесінде сағат 09.00 – де басталды.
Салтанатты жиын барысында мектеп – гимназия ұстаздары мен аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.
Жиын басында мектеп – гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасымова Балауса Серғазықызы орта білім туралы аттестаты және жекелеген пәндерді оқып үйренудегі ерекше жетістігі үшін мақтау грамотасымен марапаттау туралы бұйрықпен таныстырды.
Салтанатты жиынның құрметті қонақтары: Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы, Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Көксу ауданының Құрметті азаматы Бәзілов Сайлау Бәзілұлы, Ардагер ұстаз, Көксу ауданының Құрметті азаматы Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Әжелер алқасының мүшесі, Көксу ауданының Құрметті азаматы Балабекова Аңсабала Асылбекқызы.
«Алтын белгі» белгісінің иегерлеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру құрметі Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлына, Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлына, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Көксу ауданының Құрметті азаматы Бәзілов Сайлау Бәзілұлына, Көксу ауданының Құрметті азаматы Тулекенов Мұратбек Баянұлына, мектеп-гимназия директоры Нурдаулетова Айдынгуль Журековнаға берілді.
Мектеп-гимназия директоры Нурдаулетова Айдынгуль Журековна 2024-2025 оқу жылындағы бітіруші түлектерге «Ерекше үлгідегі» және жалпы орта білім туралы аттестат тапсырды және мектеп бітіруші түлектердің жекелеген пәндерді меңгерудегі жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапаттады.
Қонақтардан құттықтау сөз Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлына, Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлына берілді.
Сынып жетекшілер атынан 11 Ә сынып жетекшісі А.Жұмағұлова, ата- аналар атынан Омарқұл Мадина Орынбасарқызы құттықтау сөз сөйледі.
11 Б сынып оқушысы «Алтын Түлек» олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын, республикалық кезеңде ІІ орын және Дубайға жолдама иегері Алдаберген Азамат мектеп бітіруші түлектер атынан мектеп – гимназия ұстаздары мен оқушыларына жылы лебізін білдірді.
Мектеп бітіру кеші барысында 11-сыныптардың жетекшілері М.Мұратқызы, А.Жұмағұлова, Ж.Тулендинова және мектеп-гимназияның Board of Trusteesінің мүшелері түлектердің ата-аналарымен арнайы киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп формасын сақтады.
Оқушылардың тұрғылықты жерлерінен сыртқа, серуенге және т.б. шығуына тыйым салынды, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
