8 наурыз мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
8 Наурыз мерекесіне орай іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар аясында жұмыс жүргізілді.
4 наурыз күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» кезекті сабақтары өткізілді.
«Жеңгелер мектебінің» кезекті сабағы өткізілді.
5 наурыз күні «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында «Ана туралы жыр» әні орындалды.
1-2-сынып оқушылары «8 наурыз – аналар мерекесі» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырды.
3-4-сынып оқушылары «Анама өлең арнаймын!» тақырыбында өлеңдер мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.
Мектеп ұстаздары «8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған шығармашылық байқауға «Өмір сыйлаған- Ана» ашық хаттар дайындады,
«Ана-өмірдің шуағы» тақырыбында бейнеэссе дайындады.
7 наурыз күні «Жас Ұлан» БҰ және мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Аналар мерекесі құтты болсын !» атты мерекелік концерт өтті.
1-4-сынып оқушыларымен Ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
5-11-сыныптар арасында Ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мектеп-гимназияда мерекелік безендіру жасалып, қабырға газеттері дайындалды.
Мерекелік құттықтау бейнероликтері дайындалды.