Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің №1 семинары өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия бойынша сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің " Балалардың, сынып жетекшілер мен ата-аналардың шығармашылық ынтымақтастығы- тәрбие жұмысының негізгі шарты"тақырыбында №1 семинары өтті.
ТІЖО Г.Мейрбекова " Балалардың, сынып жетекшілер мен ата-аналардың шығармашылық ынтымақтастығы- тәрбие жұмысының негізгі шарты" тақырыбында баяндама оқып, тәрбие жұмысында қолдану бойынша шебер-сынып өткізді.
10 Б сынып жетекшісі Ж.Тулендинова «Мен және менің сыныбым. Тәрбие жұмысында авторлық бағдарлама бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында панорамалық шебер-сынып ұйымдастырды.
3 Ә сынып жетекшісі Д.Бектемисова «Оқуға құштар мектеп» жобасын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізіп,«Атамекен» шаңырағының іс-тәжірибесімен бөлісті.
1 А сынып жетекшісі Г.Мусанова "Мектеп лигасы" жобасын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырды.
4 Б сынып жетекшісі Ә.Абдрахманова «Балалар кітапханасы» жобасын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Тәрбие жұмысында жаңа әдіс-тәсілдер мен интерактивті сервистерді тиімді қолдану-заман талабы. Сынып жетекшілер өз тәжірибесінде қолданып жүрген интерактивті сервис түрлері туралы тәжірибесін ортаға салып,өзара пікір алмасу алаңы өтті.
https://www.instagram.com/p/Cz6ShY3NEKn/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=ODhhZWM5NmIwOQ==