Қызметкерлердің мүдделер қақтығысы туралы ереже » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
октябрь
2020

Қызметкерлердің мүдделер қақтығысы туралы ереже

2.3. мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін. 

2.4. Педагог қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үрдісінде болуы мүмкін мүдделер қақтығының нақты жағдаяттары төмендегідей болып табылады:

  • Мұғалім сол оқушыларға сабақ береді және ақылы оқытады;
  • Мұғалім репетиторлық үшін әріптестерімен үлгермеуші оқушылармен «алмасады»;
  • Мұғалім өзі оқытатын оқушылармен репетиторлықты жүзеге асырады; 
  • Мұғалім репетиторлықты сабақ және сыныптан тыс шаралар, т.б. уақытында жүзеге асырады;
  • Мұғалім сыйлық және қызмет алады; 
  • Мұғалім сынып тізімін, әсіресе, бірінші сыныпты қалыптастыруға қатысады; 
  • Мұғалім сынып, мектеп қажеттілігіне ақша жинайды; 
  • Мұғалім өз оқушылары қатысатын олимпиада, байқау шараларында әділ қазылар алқасы болады; 
  • Мұғалім өзі оқытатын немесе сынып жетекшісі болып табылатын оқушылардың ата-аналарынан пайдасыз емес ұсыныстар алады; 
  • Мұғалім оқушыларға жеңілдіктерді бөлуге қатысады; 
  • Мұғалім оқушылардың ата-аналарының мүмкіндіктерін риясыз емес (не бескорыстно) пайдаланады; 
  • Мұғалім Мектепте орнатылған тыйым салуларды және т.б. бұзады. 


3. Ереже әрекетіне қатысты тұлғалар

Ереже әрекеті атқаратын қызметіне қарамастан, Мектептің барлық қызметкерлеріне қатысты болып табылады. Ережені сақтау міндетін Мектеппен серіктес жеке тұлғаға азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жүктеуге болады. Бұндай жағдайда сәйкес ереже келісімшарт мәтініне енгізіледі. 




4. Мектепте мүдделер қақтығысын басқарудың негізгі принциптері 

Мектептің мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу бойынша негізгі міндеті жеке мүдделердің әсер етуін, қызметкерлердің іскерлік шешім қабылдайтын еңбек функцияларын жүзеге асыруға жеке қызығушылықтарын шектеу болып табылады. 

Мектепте мүдделер қақтығысын басқару бойынша жұмыс негізіне келесі принциптер жатады: 

мүдделер қақтығысы туралы шынайы немесе потенциалды мәліметтерді ашу міндеттемесі;

- әрбір мүдделер қақтығысын анықтауда және оны шешуде Мектеп үшін беделдік тәуекелдерді жеке қарастыру және бағалау;

мүдделер қақтығысы мен оны шешу үрдісі туралы мәліметтерді ашу үрдісінің құпиялылығы; 

мүдделер қақтығысын шешу барысында Мектеп пен қызметкер мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау;

- қызметкер уақтылы ашқан және мектеп шешкен (алдын-алған) мүдделер қақтығысы туралы хабарламаға байланысты қызметкердің соңына түсуден қорғау;


5. Педагог қызметкердің мүдделер қақтығысын ашу тәртібі және оны шешу тәртібі, оның ішінде туындаған мүдделер қақтығысын шешудің жолдары


Мектепте мүдделер қақтығысын ашудың әртүрлі жолдары болуы мүмкін, атап айтқанда: 

жұмысқа қабылдау кезінде мүдделер қақтығысы туралы мәліметті ашу; 

жаңа лауазымға тағайындау кезінде мүдделер қақтығысы туралы мәліметті ашу;

- мүдделер қақтығысы жағдайлары туындаған кезде мәліметті бір реттік ашу.

Мүдделер қақтығысы туралы мәліметті ашу жазбаша түрде жүзеге асырылады. Бастапқыда мүдделер қақтығысын ауызша түрде жеткізіп, кейіннен жазбаша түрде жария етуге жол берілуі мүмкін.

Мектеп ұсынылған ақпаратты құпия түрде қарап, мүдделер қақтығысын шешуді өз міндетіне алады. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобы құрылады. 

Келіп түскен ақпарат ұйым үшін туындайтын тәуекелдердің байыптылығын бағалау және мүдделер қақтығысын шешудің қолайлы түрін таңдау мақсатында уәкілетті лауазымды адаммен мұқият тексеріледі. Осы жұмыстың нәтижесінде Мектеп қызметкер ұсынған   мәлімет туралы жағдай мүдделер қақтығысы болып табылмайды және шешудің арнайы әдістерін қажет етпейді деген қорытындыға келуі мүмкін. Сондай-ақ Мектеп мүдделер қақтығысының орны бар деген шешімге келуі де мүмкін, және оны шешудің түрлі тәсілдерін қолдана алады, оның ішінде: 

- қызметкердің жеке мүдделеріне әсер етуі мүмкін нақты ақпаратқа қолжетімділікті шектеу;

         - мүдделер қақтығысы әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін мәселелер бойынша талқылау мен шешім қабылдау үрдісіне қатысудан ұйым қызметкерінің өз еркімен бас тартуы немесе (тұрақты немесе уақытша) шығару;

- қызметкердің функционалдық міндеттерін қайта қарау және өзгерту;

- егер қызметкердің жеке мүддесі функционалдық міндеттеріне қайшы келсе, оны уақытша лауазымынан шеттету; 

қызметкерді мүдделер қақтығысымен байланысты емес функционалдық міндеттерді орындауды қарастыратын лауазымға ауыстыру; 

мүдделер қақтығысының туындауына негіз болған өзіне тиесілі мүлікті қызметкердің сенім басқармасына беруі; 

қызметкердің ұйымның мүдделерімен қайшылық тудыратын өзінің жеке мүддесінен бас тартуы; 

қызметкердің бастамасы бойынша ұйымнан жұмыстан шығарылуы; 

жұмыс берушінің бастамасы бойынша тәртіптік теріс қылық жасаған, нақтырақ айтқанда, қызметкерге жүктелген еңбек міндеттемелерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін қызметкердің жұмыстан шығарылуы.

Келтірілген мүдделер қақтығысын шешу әдістерінің тізімі жан-жақты болып табылмайды. Ұйым мен қызметкердің келісімі бойынша әрбір нақты жағдайда мүдделер қақтығысы туралы мәліметті анықтайтын басқа да шешу әдістері табылуы мүмкін. 

Қолданыстағы мүдделер қақтығысын шешкен кезде, мүмкін жағдайлардың ішінен, бар жағдайларды ескере отырып, «ең жұмсақ» реттеу шарасы таңдалады. Неғұрлым қатаң шаралар нақты қажеттілік туындаған кезде немесе «жұмсақ» шаралар жеткіліксіз болған жағдайда ғана қолданылады. Мүдделер қақтығысын шешудің нақты әдісін таңдау туралы шешім қабылдағанда, қызметкердің жеке мүддесінің маңыздылығы және осы жеке мүдденің ұйымның мүдделеріне зиян келтіріп жүзеге асырылу ықтималдығы ескеріледі.


6. Мүдделер қақтығысын ашуға және шешуге байланысты қызметкерлердің міндеттері 

6.1. Мүдделер қақтығысын ашуға және шешуге байланысты қызметкерлерге келесі міндеттер бекітіледі: 

-  егер бұл жақын отбасылық қарым-қатынаста болатын адамдардың (ата-аналары, жұбайлары, ағалары, апалары, балалары) тікелей бағынуымен немесе бақылауымен байланысты болса, қызметке тағайындалудан бас тарту;

- жұмысқа байланысты шешім қабылдау барысында және өзінің еңбек міндеттемелерін орындауда өзінің жеке мүдделерін, өзінің туыстары мен достарының мүдделерін есепке алмай, ұйым мүдделерін басшылыққа алу;

мүдделер қақтығысына әкелетін ахуалдар мен жағдайларды (мүмкіндігінше) болдырмау;

туындаған (шынайы) немесе потенциалды мүдделер қақтығысын ашу; 

туындаған мүдделер қақтығысын шешуге ықпал ету. 

         6.2. Мүдделер қақтығысының алдын алу үшін Мектептің педагогикалық қызметкеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің   «Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері» туралы 11 мамыр 2020 жылғы №190 бұйрығына жүгіну қажет. 


7. Мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді қабылдауға жауапты тұлғаны анықтау және осы мәліметтерді қарастыру 

7.1. Туындаған (бар) мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді қабылдауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобының мүшесі және топ жетекшісі жауап береді. Алынған ақпаратты қарастыру тиісті жергілікті актіге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа арсы жұмыс тобының отырысында ұжымдық түрде қарастырылады. 

7.2. Мүдделер қақтығысы туралы дау туындаған Мектептің педагогикалық қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобына жазбаша түрде шағымдануға құқығы бар. Топтың шешімі білім саласына қатысты барлық қатысушыларға міндетті болып табылады, шешім қабылдағанда қарастырған уақытта орындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта қарауға жатады.  



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив