Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы ұжым мүшелері арасында насихатталды. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы ұжым мүшелері арасында насихатталды.
02
сентябрь
2020

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы ұжым мүшелері арасында насихатталды.

Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы  ұжым мүшелері арасында насихатталды.

      Мектеп-гимназия директоры Төлекенов Мұратбек  Баянұлы  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйек    күні Қазақстан   халқына ұсынған  «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берген құжат екеніне баса назар аударды. Бұл Жолдауда еліміздің    жаңа қарқынмен даму жоспары қарастырылды. Жолдау барлық салаларды қамтитын жан-жақтылығымен құнды екенін айтты.

  Аталған Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланып, әлемдік аренада Қазақстанның абырой-беделге ие болғанын айта келіп, әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта реформаларға тың серпін беріліп, Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстанып,азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз,-деп атап көрсетті.

Жалпы 11 бөлімнен тұратын Жолдауда Президент нақты іс-қимыл бағыттарына тоқталды. Олар:

I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

 II. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

III. ТЕҢГЕРІМДІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ

IV. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

V. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ

VI. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ

VII. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРКЕЛКІЛІКТІ ҚОРҒАУ

VIII. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

IX. ЦИФРЛАНДЫРУ – БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ

Х. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ІСІНЕ ҚАТЫСУЫ

Сонымен қатар, Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізуді ұсынды.

 Қасым-Жомарт Кемелұлы Адам құқын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау   маңыздылығына тоқталып, интернеттегі ғайбаттаулардан  ең алдымен балалар зардап шегуін айта келіп,  азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдағанын және жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырып,бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізіп, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындап, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелерін қарастыру қажеттігіне тоқталды.

 Президент бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленгенін айтып, Парламенттің бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауды және Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажеттілін айта келе,қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұруды ұсынды.

  Үкіметке ғылыми қауыммен және жеке сектормен бірлесіп, «жасыл өсім» жөніндегі ұсыныстар жиынтығын және Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Мектеп- гимназия директоры М.Төлекенов Жолдаудағы  айтылған әрбір ой, мақсат, міндеттің өз деңгейінде орындалуына   ұстаздар тарапынан үлкен еңбек, қолдау қажеттігін айтып, Жолдауға қолдау көрсетуге шақырды

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив