«Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен өзін-өзі қорғау мәдениеті» тақырыбында қыздар және ұлдар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен өзін-өзі қорғау мәдениеті» тақырыбында қыздар және ұлдар жиналысы
23
октябрь
2025

«Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен өзін-өзі қорғау мәдениеті» тақырыбында қыздар және ұлдар жиналысы

2025 жылдың 23 қазан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп-гимназияда «Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен өзін-өзі қорғау мәдениеті» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты – қыз балалардың жеке бас тазалығын сақтау, мектеп ережесін орындау, өзін-өзі бағалау, өмірге құштарлық пен өз қадірін сезінуге тәрбиелеу болды. Жиналысқа 9-11-сынып қыздары қатысты.  

Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:  

1.«Мектеп формасы – оқушы мәдениетінің көрінісі» тақырыбында Р.Джауыншинова мектеп формасының маңызын, оның оқушы мәдениетіндегі рөлін түсіндірді.  

2. «Өмір – ең қымбат байлық» туралы  А.Айтбекова жасөспірімдердің өмірге құштарлықпен қарауы мен суицидтің алдын алу туралы әңгімеледі.  

3. «Тазалық – денсаулық негізі» тақырыбында медбике З.Жәкешова жеке гигиена мен тазалықтың маңызын атап өтті.  

4. «Жыныстық тиіспеушілік – жеке шекараңды қорғау мәдениеті» тақырыбында  А.Айтқазы қыз балаларға өз қауіпсіздігін қорғау, жеке шекарасын сақтау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.  

5. «Ананың ақылы – қыздың өмірлік бағыт-бағдары» тақырыбында аналар кеңесінің мүшесі Билибаева Алия Имбергенқызы қыздардың өзін бағалау, ар-намысын сақтау, қиын жағдайда көмек сұраудан қорықпау туралы өнегелі ойларымен бөлісті.  

Жиналыс соңында қыз балаларға өз қадірін білуге, жауапкершілікпен өмір сүруге және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге шақыратын қорытынды сөзді  ДТЖО Г.Кусманова айтты.  

2025 жылдың 23 қазан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп-гимназияда «Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен өзін-өзі қорғау мәдениеті» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты – ұл балаларды жауапкершілікке, тәртіп пен адамгершілікке баулу, мектеп ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және өзге жыныс өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жиналысқа 9-11-сынып ұлдары қатысты. 

Жиналыс барысында келесі тақырыптар қарастырылды:   

1. «Мектеп формасы – тәртіп пен ұқыптылықтың белгісі».   Ж.Байғондинов мектеп формасын сақтау мәдениеті туралы түсіндірді.  

2. «Өмірді бағалай білейік». АӘД пәні мұғалімі Д.Темірбеков өмірдің құндылығын, қиындықтармен күресудің маңызын айтты.  

3. «Құқық бұзушылық – болашаққа балта шабу» тақырыбында әдеп және құқық менторы С.Нүсіпжанов құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілік туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.  

4. «Жыныстық тиіспеушілік – өзгенің қадірін білу мәдениеті» атты тақырыпты ұлдар кеңесінің төрағасы Ғ.Қайрат  өрбітіп, ұл балалардың әдептілік пен сыйластық қағидаларын сақтау қажеттілігіне тоқталды.  

Жиналыс соңында қатысушыларға өз қадірін білуге, жауапкершілік пен тәртіптілікке, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге шақыратын қорытынды сөзді  Ж.Байғондинов айтты.  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив