23
апрель
2026
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп-гимназия әкімшілігі, Көксу АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны Тасболатова Айдана Тасболатқызы, Көксу аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салты бойынша дәрігері Дәлелхан Рахат Дәлелханұлы, әдеп және құқық менторы С.А. Нүсіпжанов қатысып, өз бағыттары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Жиналыс барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптары, жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы, сондай-ақ оқушылардың құқықтық мәдениеті мен мінез-құлық әдебі кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, мектепішілік тәрбие жұмыстары, «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы және «Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы жұмыстар таныстырылды. Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында 3–4 сыныптарда «Бір беттік кітап», 5–11 сыныптарда «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын оқу ұйымдастырылып, қазіргі таңда «Қаныш және ғылыми майдан» кітабы оқылуда.
Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиналыс қорытындысы бойынша мектеп-гимназия директоры А.Ж.Нурдаулетова ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтті.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет!
https://www.instagram.com/reel/DXec9HVjLcC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==