«Қыз баланың денсаулығы мен құқығы – болашақтың кепілі» атты қыздар жиналысы
13 ақпан күні мектеп-гимназияда «Қыз баланың денсаулығы мен құқығы – болашақтың кепілі» атты қыздар жиналысы өткізілді. Іс-шара барысында қыз балалардың денсаулығы, құқықтық сауаттылығы, психологиялық қауіпсіздігі және адамгершілік құндылықтары тақырыптары қамтылды.Жиналыста қыздар кеңесінің жетекшісі А. Айтқазы ерте жүктіліктің әлеуметтік және медициналық салдары туралы айтты. Мектеп медбикесі З. Жакешова АИТВ-ның алдын алу жолдарын түсіндіріп, жалған түсініктердің алдын алу маңызын атап өтті. ДТЖО Г.Кусманова адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті, келісім және жеке шекаралар туралы құқықтық түсінік берді. Педагог-психолог А. Айтбекова стигма мен дискриминация мәселесін қозғап, өзара құрмет пен қолдаудың маңызын түсіндірді.Жиналыс тәрбиелік және ақпараттық бағытта өтті. Қыздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, саналы өмірлік таңдау жасау қажеттігін түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DUsIsLrDL9a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==