10
февраль
2026
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла!» тақырыбында өткен мектепішілік челлендж
2026 жылғы 10 ақпан күні мектепте «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла!» тақырыбында мектепішілік челлендж өткізілді. Іс-шараға оқушылар, сынып жетекшілері, кітапхана меңгерушісі және мектеп-гимназия әкімшілігі қатысты.
Челлендж барысында қатысушылар мектеп кітапханасына жаңа кітаптар сыйлап, әр кітапқа қысқаша сипаттама жазды: неге бұл кітапты таңдағандары және оның маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Челлендж оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұжымдық іс-әрекет арқылы жауапкершілік пен сыйластық сезімін дамытуға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DUpRS70An-A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==