«Тарих үнсіз емес: Ауған соғысының сабағы» тақырыбында өткен мектепішілік ашық есік күні
2026 жылғы 17 ақпан күні мектепте «Тарих үнсіз емес: Ауған соғысының сабағы» тақырыбында мектепішілік ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға мектеп-гимназия әкімшілігі, сынып жетекшілері, тарих пәнінің мұғалімдері, психологтар, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері және оқушылар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар ардагерлерді қарсы алып, олардың ерлігін еске алды. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, соғыстың қиындықтары, достық пен бірлік, адалдық туралы ойларын айтты.
Іс-шара соңында жүргізуші қатысушыларға алғыс айтып, тарихтан сабақ алу және патриоттық сезімді қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Кездесу оқушылардың адамгершілік, жауапкершілік пен патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DU-sMREDEKr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==