Қорқыныш сезімінен арылу және өз-өзіне деген сенімділікті арттыру » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2021

Қорқыныш сезімінен арылу және өз-өзіне деген сенімділікті арттыру

Қорқыныштардың алдын алу үшін немесе баланың алаңдаушылығын жою үшін ата-аналарға айтылар бірнеше кеңестер:

көбіне балаға еркіндік беріп, оның достарын шақырып, бірге тиімді уақыт өткізуін қадағалаңыз;
баланы жыртқыш аңдармен, полиция қызметкерлерімен, дәрігерлермен қорқытпаңыз. Өйткені  бізге оның мәні болмаса да, балалар оны шын деп қабылдауы мүмкін;
балаңызбен көңілді қарым-қатынас орнатыңыз;
көбірек сурет салуға баулыңыз;
баланы сол қалпында қабылдап, жақсы көріңіз. Ешкіммен салыстырмаңыз;
өзіне деген отбасының жылуын сезінуі үшін балаға жақсы дос бола біліңіз.

 Бала бойындағы қорқынышты жеңуге сюжетті-рөлдік ойындар ойнау да көп көмегін тигізеді. Баланың білетін ертегісінің кейіпкерлерін ойнап, бала ертегі арқылы өзі жаман да, жақсы да кейіпкерлердің рөлін сомдағаннан кейін, бойындағы ұзақ уақыт арыла алмай жүрген қорқынышын жеңе алады. Күнделікті балалардың ойнайтын «тығылыспақ» ойынын алатын болсақ, бұл ойын арқылы бала қараңғыдан, жалғыз қалып қоюдан, тым-тырыс бөлмелерден қорықпайтын болады. Сіз тығылып, бала сізді іздесе, оның жеңіп, ойынды жақсы ойнайтынын айтып, мадақтап қою керек немесе сіз баланы іздеп, ол тығылып қалса, оны таба алмағаныңызды айтып, жеңіліп, оны жақсы ойнайтынын айтып баланың көңіл күйін көтеріп қою керек. Осылайша баланың қорқынышын жеңуге үйретуге болады.Уақыт өте келе  қорқыныштардың барлығы жойылады, себебі бұл белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш үрейлер. Бірақ, осы қорқынышты уақыт еншісіне қалдырмай,  қорқыныш баланың бойында ұзақ уақыт сақталып қалмауы үшін  үлкендер өз үлесін қосуы керек. Баланың бойындағы үрейді шығару үшін, оның неден қорқатынын білу үшін әр түрлі әдістерді пайдалануға болады.Осындай мақсатта 4-сынып оқушыларымен ойын-жаттығулар өткізілді. 
Балаларға әртүрлі тапсырмалар берілді және оны жекелей және топ болып орындау тапсырылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив