Қашықтан оқуды ұйымдастыруға байланысты психолог кеңесі » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2020

Қашықтан оқуды ұйымдастыруға байланысты психолог кеңесі

Қашықтан оқуды ұйымдастыруға байланысты психолог кеңесі

Майкенова М.М.

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының педагог – психологы



Қашықтан оқу сынақ па әлде бала қабілетін ашатын жақсы мүмкіндік пе? Психолог-консультант Александр Викулов: «қашықтықтан оқыту баланың өз бетімен жұмыс жасауы мен жауапкершілігін анықтайтын, ата-ана мен балаға бағытталған қатал сынақ» деген екен. Сіздерге осы сынақтан сүрінбей, жеңіл өтуге арналған бірнеше нұсқаулық:


  • Балаңызбен достық қарым-қатынаста әңгімелесу өте маңызды. «Мұғалім тапсырмасын мен өзім орындаймын» деген шешімді балаңыз өзі қабылдауы тиіс. Ол үшін балаңызбен алдағы оқу жағдайы туралы ашық әңгіме жүргізіп, тиімді – тиімсіз жақтарын талқылап, балаңызға өз міндеті туралы ережелер ретін тізбектеп қағазға жазып шығуын тапсырыңыз. Қағазға жазу арқылы бала өз ойын бекіте отырып, өзіне психологиялық тірек болатын нұсқаулық жасайды. Бұл ереже үнемі көзге көрінетін жерде түру керек. Бұл ата-анаға уәде беріп, артынша ұмытып кететін жағдай емес, себебі бала уәдені өзіне – өзі беріп тұр.


  • Әр күннің соңында қашықтан оқуға байланысты қандай қиындықтар туындады және қандай жетістіктерге жеткенін талқылап, жетістігін қолдап, сіз өз балаңыз үшін мақтанатыныңызды дауыстап, қуанышты үнмен айтыңыз. Құшақтаңыз!


  • Оқушылардың көпшілігі уақытты сезіне алмайды, оны жоспарлай алмайды. Сондықтан балаға күнін жоспарлауға көмектесіңіз. Балаңыздың жұмыс үстелінде таймері бар сағат тұрғаны жөн. Қиын тапсырмалар орындау барысында әр 15-20 мин. аралығында 5 мин. үзіліс жасап, сергіту сәтін жасасын. Үзіліс уақытында бала өзі қалаған іспен айналысқаны жөн. (ұялы телефон, компьютер, т.б. құралдарсыз)


  • Жеткіншек жастағы балаларды (5-6 сынып) сыртан ынталандырған жақсы мотивация береді. Мысалы: балаңыздың армандап жүрген затын, карантин кезіндегі ережелерді дұрыс сақтап, қашықтан оқытуда жетістіктерің көп болса, 45 күннен кейін алып берем деп уәде етіп, егер ережені бұзған жағдайда бір күнге шегерілетінін ескертіп қағаз жүзінде келісімге отырыңыз. Бұл тәсіл баланың ережеге бағынуын шыңдап, өз бетімен жұмыс жасауын жақсартады.


  • Баланың жұмыс орнын ұйымдастыру өте маңызды. Қажетті құрал жабдықтарының барлығы қол жетімді жерде болғаны жөн.


  • Ең маңызды нұсқаулық, үй тапсырмасын бала үшін емес, балаға көмектесу үшін қараңыз.


Төтенше жағдай байланысты қалай дүрбелеңге түспеуге болады:


  • Ең бірінші, өзіңіз үшін және балар үшін үйреншікті күн тәртібін ұстаныңыз. Күн тәртібінің бұзылуы балаға артық қысым мен стреске әкеледі.


  • Ата-ана және баланың жақындарының барлығы болып жатқан жағдайға сабырмен адекватты түрде қарағаны жөн. Баланың эмоциялық күйі тікелей анасының эмоциялық күйіне байланысты.

 
  • Бала оқшаулану жағдайына байланысты әр түрлі сұрақ қоюы мүмкін. Сабырмен, байсалды түрде нақты, әрі қысқа жауап беріңіз, әсірелемеңіз.


  • Қашықтықтан оқыту жөнінде мектеп әкімшілігінен беріліп жатқан түрлі нұсқаулықтарды сабырмен, түсіністікпен қабылдауға тырысыңыз. Себебі, білім беру мекемесі де төтенше жағдайға дайын емес, дәл сіз бен біз сияқты. Қашықтықтан оқуды ұйымдастыру оңай шаруа емес, уақыт керек. Бұл орайда сенімді ақпарат көзі, яғни мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшіден келген нұсқаулықты орындаңыз.


  • Ата-ана мен балаға қашықтықтан оқуды да шығармашылықпен, қызықты етіп ұйымдастыруына болады. Ол үшін балаңызды жақыннан танып, бірге жұмыс жасаңыз, өз балаңыздың мүмкіндіктерін аша түсіңіз. Өйткені, сіздің балаңыз ерекше.


  • Төтенше жағдайға байланысты сіз және сіздің балаңыз хабардар болып отыруға тиіссіз. Бірақ, әлеуметтік желі арқылы келіп жатқан жақсы-жаман, пайдалы-пайдасыз ақпараттар легі өте көп, сол себепті сіз балаңыздың нәзік жүйкесін қорғаңыз, ақпарат көзін азайтыңыз. Нақты деген бір-екі ақпарат желісін қалдырыңыз, белгілі бір уақытта кіріп ақпарат алыңыз. Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын қараңыз, бұл қобалжу, мазасыздану деңгейін төмендетеді. Ұялы телефоныңыздағы барлық мессенджерлерді өшіріп, дыбыссыз режимге қойып, өзіңізге тыныштық сәтін жасай біліңіз.


  • Балаңыз өзімен-өзі қалып, ұялы телефон, компьютер т.б. құралдарсыз, өз уақытын өзі ұйымдастыратындай мүмкіндік беріңіз. Есіңізде болсын, біздің үйде отырғанымызды «жазалау» емес, керісінше жаңа білім, білік, дағдыларды игеретін «ресурс» ретінде қабылдаңыз.


  • Үйде отырып та балаңызға достарымен араласуға мүмкіндік бар. Мысалы: әр түрлі қызықты тақырыпта бейнеблоктар жүргізуге болады.


Балаңызбен әңгімелесу барысында жас ерекшелігін ескеріңіз:


1 және 3 сынып оқушыларымен қашықтықтан оқыту туралы әңгімелеріңіз қарапайым және оңтайлы болғаны жөн. Балаңызды ақпараттандырғанда, балаңызға үйде де, мектепте де олардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралардың жүргізіліп жатқандығын ескертіп, қазіргі жағдайда тазалық, гигиена, әсіресе қолын үнемі жуып түрудің маңыздылығын айтып, басты назарын соған бұру керек.


4 және 6 сынып оқушылары өте көп сұрақ қоюы мүмкін. Әлеуметтік желіде таралып жатқан мәліметтің қаншалықты нақты екенін түсіну үшін көмектесіңіз. Мектеп, жаттығу, т.б. қосымшалардың жұмысын тоқтату себебін сабырмен түсіндіріп, барлығы адамзаттың қауіпсіздігі үшін, уақытша екенін ескертіңіз. Түсіндірулер әңгіме түрінде жүргізілгені дұрыс.


7 – 9 және одан жоғарғы сынып оқушылары ақпараттың ешқандай өзгертусіз, бұрмалаусыз, әлеуметтік желіде қалай бар солай қабылдауға дайын. Бұл жерде сіз өз тарапыңыздан балаңызға нақты ақпарат көздеріне сүйенуді сұраңыз, қауесет әңгіме таратпауды ұсыныңыз. Өзіңіздің досыңыз ретінде, ересек адам ретінде қабылдап үйреніңіз, ой бөлісіңіз, әлбетте сіз өз балаңыздан үйренеріңіз өте көп.


Бұл жағдайдан жағымды сабақ алып, отбасында қолайлы ахуал тудыра алатыныңызға сеніңіз.

Бала біздің байлығымыз!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив