«Жас¬өспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын қалай алу керек?» тақырыбындағы кездесу » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас¬өспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын қалай алу керек?» тақырыбындағы кездесу
21
январь
2021

«Жас¬өспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын қалай алу керек?» тақырыбындағы кездесу

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 21 қаңтарында   жасөспірімдер суициді бойынша ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету мақсатында «Жас­өспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын қалай алу керек?» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ТЖО Г.Мейірбекова, Г.Құсманова, педагог-психолог Ғ.Белгібаева, 1-11 сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері,сынып жетекшілер қатысты.

ТЖО Г.Мейірбекова: Балалар суициді – адамзаттың ең ауыр қасіреті. Демек, бұл баланың отбасынан бастап, мектебі, достары арасынан өзінің орнын таба алмай, жаны жабырқап, дұрыс үйлесімде жетіле алмауының көрінісі болар? Сұрақ көп, жауап жоқ. Өмірге құштар бала бір сәтте-ақ неге бұл өмірмен қоштасып кете барды? Кінәлі кім? Бір жағдайда балаға жеткілікті көңіл бөлмеді деп ата-анаға кінә артса, бір жағдайда әлеуметтік желілердің әсері деп те айтылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жиырма жылдың ішінде 100 мыңнан аса қазақстандық өмір мен өлім шекарасын аттауға бел буған екен.Бүгін біз өзекті мәселеге айналған балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауын анықтау және оның алдын алу мақсатында жиналып отырмыз. Мамандар суицид оқиғасының жиілеуіне әлеуметтік жағдай, тиісті отбасылық және қоғамдық тәрбиенің жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есірткі қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларының намысына тиетін әрекеттерге баруы, бақытсыз махаббат сияқты факторлар негіз болады. 

Педагог-психологы Ғ.Белгібаева: балалардың өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі себебі – өмірден түңілу емес, керісінше, өмірін қию арқылы жанына батқан қиындықтан құтылудың бірден-бір жолы деп ойлауында. Яғни, кез келген суицидтің астарында баланың жанайқайы жатыр. Ең алдымен, ата-анасына, мұғалімдеріне, достарына деген. Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. 

Ата-аналар комитетінің төрағасы А.Сырманаева: Қазіргі кезеңде үлкендердің күнделікті күйбең тіршілікте баланың жан дүниесіне үңілу тұрмақ, бір ауыз тілдесуге де уақыт таппай қалатыны жасырын емес. Бұл – өз алдына. Баласы үшін қатты алаңдаушылық танытып, әр басқан қадамына бақылау жасаудың өзі баланың жан-жақты жетіліп, өмірге бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Олай болса, айдың-күнінің аманында төрт құбыласы тең жастың өз-өзіне қол салуының не себеп болды?  Отбасы – тірі ағза. Оның әр мүшесінің ағзаның дұрыс жұмыс жасауындағы ролі бірдей болуы керек. Бала кезден қалыптасатын өмірлік дағдылар ата-анадан беріледі. Өкініштісі, баласы үшін қатты алаңдаушылық танытып, өмірін сақтаймыз деп, өмір сүруге мүмкіндік бермейтін кездер көп. Бәрі отбасынан басталады. Осы жерде алғаш қадам басып, осы жерде өзгелермен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Егер, жас­өспірім проблемасы шешілмесе, ол жасықтыққа, ұялшақтыққа әкеледі. Оған көз жұма қарау – балалардың өміріне немқұрайлық таныту. Бұл жағдайда үлкендердің жетістіктері туралы айту орынсыз. Бала ата-анаға тәуелді.Ал ата-ана үшін жақсы тәрбие беру – парыз. Ендеше, болашақ ұрпақ тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, ата-аналарға жүктеп қоймай, жалпы қоғам болып, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей бірлікпен мойнымызға алуымыз керек. Оларға өздерін сүйетін, сенім артатын жандар бар екендігін сезіндіріп, жер бетінде ұстап қалып, өлімнен гөрі өмір сүру үшін батырлық көбірек керек екен деген ойларын шыңдау керекпіз. Ең бастысы – баланың сырын ұғыну арқылы, біз, ата-аналар баланың жан-жақты дамуына әсер етеміз, нәтижесінде көрсеткен тәрбиеміз бен жасаған еңбегіміздің жемісін көреміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив