15
ноябрь
2024
Мектеп парламентінің жетістігі
“Жетісу облысында мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені” жобасы аясында ұйымдастырылған “Әрекет уақыты” облыстық балалар Құрылтайына Көксу ауданының атынан қатысқан Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының мектеп парламентін мектеп-гимназия директоры Нурдаулетова Айдынгуль Жүрековна құттықтап, Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы І.Түстікбаевтың және Жетісу облысының білім басқармасының басшысы М.Сүлейменовтің алғыс хатын, 30 000 теңгелік сертификатын табыстады.