«Мамандықтар әлемін ашамыз» байқауы
Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағына сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін оқушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, оқушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында 14-15 ақпанда «Мамандықтар әлемін ашамыз» аудандық байқауы өтті. Байқауға 6 оқушы қатысты. «Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Марал Мұратқызы дайындаған 9ә сынып оқушысы Ерденбек Гүлжихан https://youtu.be/zLPkWGdeW0M , орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ардақ Жұмағұлова дайындаған 8ә сынып оқушылары Телман Карим https://youtu.be/w2Av-jXTk_Y мен Ерденбеков Батырхан https://youtu.be/dfVzqQ8wcXY, биология пәні мұғалімі Жадыра Тулендинова дайындаған 8б сынып оқушысы Қосан Бекнұр https://youtu.be/lszIFQivjVo , «Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлнар Жағыпер дайындаған 11 а сынып оқушысы Сейтқали Малика https://youtu.be/4KlFmS2Po7g, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжан Искакова дайындаған 7ә сынып оқушысы Бірлікбай Ерсұлтан https://youtu.be/ASoSdoDzWZc, математика пәні мұғалімі Жаңагүл Райымбек дайындаған 5ә сынып оқушысы Мухамеров Ернар қатысты. Аудандық байқау нәтижесінде Мухамеров Ернар мен Ерденбекова Гүлжихан І орын иеленіп, осы байқаудың облыстық бөліміне жолдама алды. Ерденбекова Гүлжиханның жұмысы облыстық көлемде жүлделі ІІ орын иеленді.