М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
2022 жылдың 11 ақпаны күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда Алматинская область Төтенеше жағдайлар Департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы туралы кездесу өтті. Кездесуге Алматинская область ТЖД бастығының орынбасары Ахашев Ерлан Дүйсенханұлы, Алматинская область ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Калиев Бақытнұр Хабиденұлы, Алматинская область ТЖД бастығының орынбасары Жуков Игорь Евгеньевич, Көксу ауданы ТЖ бас маманы Азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуанышұлы Елжас, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Түсіпбеков Алмас қатысты. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер мен мұғалімдер қатысты.
Кездесу барысында Ахашев Ерлан Дүйсенханұлы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны екенін айтып, осы оқу орнының техникалық мүмкіндіктеріне тоқталды. Келесі сөз алған Жуков Игорь Евгеньевич академия курсанттары оқу барысында толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болатыны және осы оқу орнына оқуға түсу шарттарымен таныстырды. Кездесуге келген Алматинская область ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Калиев Бақытнұр Хабиденұлы академия түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты атағы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру кепілдігі берілетінін сараптап, академия қабырғасында дайындайтын мамандар яғни «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалы тактикалық күштері», «Өрт сөндіру және апат-құтқару ісі» атты төрт білім беру бағдарламасына тоқталды. Көксу ауданы ТЖ бас маманы Азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуанышұлы Елжас аталған оқу орнына түсуге тілек білдірген оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізіп,оқуға түсу үшін қажет төрт кезеңдерге тоқталды.Курс Түсіпбеков Алмас академия туралы өз ойымен бөлісіп, оқуға түсуге шақырды, оқушыларға жаднамалар таратты. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарына жауап алды.