Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 57 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
Отан қорғау күніне арналған флеш-моб өтті.
05
май
2022
Отан қорғау күніне арналған флеш-моб өтті.
Бүгін 9-сыныптардың  қыздары 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні қарсаңында мерекелік флеш-моб ұйымдастырды. 
"Біздің спортшы әкелер" отбасылық спорттық жарыс өтті.
26
апрель
2022
"Біздің спортшы әкелер" отбасылық спорттық жарыс өтті.
26 сәуір күні 2  Ә сынып оқушылары мен әкелерінің қатысуымен "Біздің спортшы әкелер" атты отбасылық спорттық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша "Сұңқар" командасы І орын, "Бүркіт" командасы ІІ орын иеленді. Жарысқа белсене қатысқан оқушылар мен олардың әкелері мақтау грамоталарымен марапатталды. Сынып жетекшісі Б.Қапанова
"Бірлік күні" сынып сағаттары өтті.
25
апрель
2022
"Бірлік күні" сынып сағаттары өтті.
1 мамыр қарсаңында 10 А сынып оқушылары арасында "Бірлік күні" тақырыбына сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі С.Сандыбаева
Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу өтті.
25
апрель
2022
Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу өтті.
Патриот айлығы аясында 9 А сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Огнев мырзаның үйіне барып кездесіп қайтты. Оқушылар 98 жасқа келген соғыс ардегерінің естеліктерін тыңдап, өздерінің сұрақтарына жауап алды. Оқушылар соғыстан қайтып, елге келген соң да еңбек майданында қажырлы еңбек еткен көнекөз қарияға  алғыстарын білдірді. Сынып жетекшісі А.Иманбаева
"Бірлік күні" сынып сағаттары өтті.
25
апрель
2022
"Бірлік күні" сынып сағаттары өтті.
1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында 25 сәуір күні мектеп-гимназияның 1-11-сынып оқушылары арасында "Бірлік күні" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Б.Римова атындағы драма театрға саяхат.
21
апрель
2022
Б.Римова атындағы драма театрға саяхат.
Мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы облыстық драма театрға М.Әуезовтың шығармасының желісі бойынша  "Қорғансыздың күні" атты қойылымға барып қайтты. Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Даутова
"Гимназия аруы" байқауы өтті.
21
апрель
2022
"Гимназия аруы" байқауы өтті.
Мектеп-гимназияның 8-11-сынып оқушылары арасында "Гимназия аруы" байқауы өтті. Байқау талаптарына сай қыздар өз өнерін көпшілік назарарына ұсынып, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 10 а сынып оқушысы Жапархан Үміт иеленді.