Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 34 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
“Төрт тоқсан-төрт өнер”
03
октябрь
2023
“Төрт тоқсан-төрт өнер”
“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартущылық жобасы аясында 5 А сынып оқушыларымен кітапханада танымдық сабақ өтті. Кітапханашы Э.Калибаева оқушыларды ақын, жазушы М.Мақатаевтың “Үш бақытым”, “Аманат” шығармаларымен таныстырды. Сынып жетекшісі А.Кемелова
Ұлдар жиналысы өтті.
03
октябрь
2023
Ұлдар жиналысы өтті.
Ұлдар арасында құқықбұзушылық,бопсалау мен буллингтің алдын алу мақсатында ТІЖО Г.Мейрбекова және Ұлдар кеңесінің жетекшісі Ғ.Қайрат Ұлдар жиналысын өткізді.Жиналысқа 5-11-сынып ұлдары және сынып жетекшілері қатысты.  
"Буллинг дегеніміз не?
02
октябрь
2023
"Буллинг дегеніміз не?
"Буллинг және кибербуллингтің алдын алу" тақырыбы аясында 5-7- сынып оқушылары арасында оқушылар жиыны өтті. Жиында 8 Ә сынып оқушылары "Буллинг дегеніміз не?" тақырыбы аясында презентация көрсетті.ТІЖО Г.Мейрбекова оқушыларға буллингке жол бермеу туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.  
«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»
29
сентябрь
2023
«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»
Мектеп-гимназияда «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 5-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны құқық пәнінің мұғалімі Б.Төлеубай ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
"Еңбегі адал жас өрен"
29
сентябрь
2023
"Еңбегі адал жас өрен"
"Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында 1 Ә сынып оқушыларымен "Еңбектің наны тәтті" атты сынып сағаты өтті.Сынып жетекшісі Д.Сагиева  
"Еңбегі адал жас өрен"
27
сентябрь
2023
"Еңбегі адал жас өрен"
"Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында 7 Б сынып оқушыларымен "Әділетті Қазақстан-адал азамат" тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып жетекшісі Ж.Абишева  
Қайырымдылық жәрмеңкесі
27
сентябрь
2023
Қайырымдылық жәрмеңкесі
БҰ мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен "Жылы жүрек" акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
"Еңбегі адал жас өрен"
27
сентябрь
2023
"Еңбегі адал жас өрен"
"Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында 10 Ә сынып оқушыларымен "Арынды жасынан сақта" тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып жетекшісі А.Жұмағұлова  
Оқу-жаттығу өткізілді.
25
сентябрь
2023
Оқу-жаттығу өткізілді.
Жетісу облыстық Управления образованияның хатына сәйкес   2023 жылдың 25-қыркүйек күні    оқу жаттығу өткізілді.  Дабыл естілген кезде мектеп-гимназия мұғалімдері, кіші қызметкерлері мен  оқушылары мекеме ғимаратынан  қауіпсіз орынға шығарылды.  Жаттығуға 60 мұғалім, 20 кіші қызметкер, 780 оқушы қатысты. Оқу-жаттығу шеңберінде Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер  пысықталды  (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117) .  
"Адалдық сағаты" өтті.
15
сентябрь
2023
"Адалдық сағаты" өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта  мектеп – гимназиясында  оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың  15 қыркүйек  күні  «Адалдық сағаты» аясында  сынып сағаттар   өтті.   Сынып сағаттарда сыбайлас жемқорлық туралы түсінік берілді, тақырыпқа сай презентация мен бейнефильмдер көрсетілді.