04
апрель
2022
Балалар жылы – 2022: Білімді ұрпақ – ел болашағы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында балалар жылына орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында -«Кітап – білім бұлағы»,«Оқуға құштар мектеп» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және «Мобильді QR- кітапхана» виртуалды көрме ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары С.Нұрланова мен Э.Калибаева «Баланы кітап оқуға баулудың жолдары» атты ақыл-кеңес беретін видеоролик дайындалып, ата-аналарға жолданды. Сонымен қатар биыл “Бір ел – бір кітап ” республикалық акциясы аясында А.Құнанбаев шығармалары насихатталды.