«Қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары
14 қыркүйекте 10-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары өтті. Сынып жетекші С.Сандыбаева Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биылғы жылдың статистикасына сүйенді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жасөспірімдер арасында барлығы 84 суицид фактісі тіркелді. 76 бала өз-өзіне қол жұмсауға әркет жасаса, оның 8-і аяқталған іс. Суицидқа баратын балалар мен жасөспрімдердің негізгі жас аралығы 14 - 16 жасты құрайды. Десе де, өзіне қол жұмсайтын балалар күн сайын жасарып келеді. Суицидке қыз балалар көп барады. Жыл басынан бері тіркелген істің 72-сі қыздарға, қалған 12-сі ұл балаларға қатысты. Жастарды осы жолға итермелейтін не?-деген сұрақты қоя отырып, оқушылардың пікірлерін тыңдады. Интернет желісінде көп отырмауға,бөтен адамдармен танысқанда өте абай болуға шақырды.Сонымен қатар мұғалім бүгінде балалар жиі ұшырайтын кибербуллинг мәселесіне де тоқталды.