жедел анықтау тобы отырысының №3 хаттамасы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясында
жедел анықтау тобы отырысының
№3 хаттамасы
19 қаңтар 2022 жыл
Қаралған мәселе:
1.Істелінген жұмыстар есебі.
2.Мектеп психологтарының ата-аналармен жұмыстары
3.Түрлі мәселелер
Қатысты: Жедел анықтау тобының мүшелері, мектеп-гимназия әкімшілігі, мектеп медбикесі Ж.Құрманғалиева, мектеп педагог- психологтары Ғ.Белгібаева, М.Майкенова
Мектеп-гимназия ТЖО Г.Құсманова ІІ тоқсанда істелген іс-шараларға тоқталды.Мектеп-гимназия бойынша олқылықтарды жою бойынша жұмыс жоспары жасалып,қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Родителям мектеп психологы Ғ.Белгібаева «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері» ата-аналарға арналған лекция оқып, ата-аналарға психологиялық ақыл-кеңестер берді. Пән мұғалімдеріне балалар мен ата-аналардың өзара түсінісу дәрежесін көтеріп, балалардың көңіл-күйін әрдайым бақылап отыруды ұсынды. 1-4- сыныптардың жетекшілері «Өмір ғажап!» суреттер байқауын өткізді. Мектеп педагог- психологтары Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова 5-7 сынып оқушыларымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг өткізді.
Мектеп психологы Ғ.Белгібаевакелеңсіз жағдайдың алдын алуға байланысты жұмыс жоспарына сай диагностикалық, коррекциялық, профилактикалық жұмыстар жоспарына сай іс-шаралар өтті. 5-сынып оқушыларымен «Кактус» проективті тесті алынды. Тест нәтижесі бойынша агресивті, суицидті мінез құлықты оқушылар анықталмады. Оқушылар мен ата-аналарға әлеуметтік желілер арқылы төмендегі тақырыпта «Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?», «Мотивация таусылғанда жігерлендіру», «Миды қалай позитивті ойлатамыз?», «Эмоцияны басқаруда СТОП техникасы» кенестер берілді.
М.Майкенова: Суицид деген аты жаман дерттің алдын алу үшін әрбір ата-ана баласының өміріне қызу араласып, жұмысбастылықты алға тартпай, бала болашағын ойлау керек және балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлу керек - деген ойын айтты. Мектеп оқушылары арасында бұндай мазмұндағы трагедиялық жағдайларды болдырмау және алдын алуға байланысты жұмыстар жүйесін жандандыру қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.
Ұсыныс:
1.Оқушылар арасында трагедиялық жағдайлардың болдырмау және алдын алуға әр ата-ана мұғалімдермен бірдей жауапты болсын.
2.Оқушылардың бос уақытының тиімді, пайдалу ұйымдастыруға ата- аналар да, мектеп тарапынан да аса назар аударылсын, бақылауға алынсын.
3.«Сенім жәшігінің» жұмысы күнделікті бақылауға алынсын.
Топ басшысы: ТЖО Г.Құсманова
Хатшы : М.Майкенова