Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытында іс-шаралар
Қыркүйек айында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналып айлық өткізілді. Айлық барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде іс-шаралар, мәнерлеп оқу байқаулары, шығармалар байқаулары ұйымдастырылды, үш тілдегі көркем әдебиеттер насихатталды.
https://www.instagram.com/p/CTj-uGgiDwK/?utm_=share_sheet
1-4-сынып оқушылары арасында «Күз сыйы», 5-7- сынып оқушылары арасында «Алтын күз», 8-11-сынып оқушылары арасында «Күз балы. Сұлулық әлемді құтқарады» ұйымдастырылды. Шара барысында күзгі өнімдер туралы презентация дайындалып, оқушылардың қолөнер көрмесі безендірілді. «Күз» тақырыбында суреттер салынып, көрме безендірілді. Күз мерекесі барысында қазақ халқының өнері, дәстүрлері, қазақ әндері насихатталды. Бірнеше кезеңнен тұратын байқау барысында оқушылардың әсемдік, сұлулық туралы түсініктері тереңдетілді.
https://www.instagram.com/tv/CVDBmngFS0-/?utm_=share_sheet
https://www.instagram.com/p/CU_5s2nsgkW/?utm_=share_sheet