24
ноябрь
2020
«Өмір ғажап!» атты суреттер байқауы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында суицидтің алдын алу мақсатында құрылған жоспарға сай 24 қарашада «Өмір ғажап!» атты суреттер байқауы өтті. Байқауға 1-4-сынып оқушылары қатысты. Байқауды бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ж.Суюнбаева ұйымдастырды. Байқауға қатысқан оқушылардың үздік суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Байқау барысында сынып жетекшілер оқушыларды өмірді бағалауға, өмірді сүйіспеншілікпен қарауға, өмірде өзіне сенімді болуға, өмір құндылықтарын сақтай білуге үйретіп, ата-ананы, жақындарыңды, достарыңды жақсы және жағымсыз жақтарымен қабылдау керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.