04
март
2025
Іс-жүргізу
2025 жылдың 4-наурыз күні мектеп-гимназия базасында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептер әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы, Педагогикалық өлшеулер орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану пәнінен 4-сыныптың білім алушылары оқу жетістіктеріне мониторинг тестін тапсыруда. Тестке 4а сыныптан - 26 оқушы, 4ә сыныптан – 24 оқушы, 4б сыныптан – 26 оқушы, жалпы 76 оқушы қамтылу жоспарланды. Тестілеу барысында Ютуб каналында тікелей трансляция арқылы сыртқы бақылау жүргізілуде. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.